Саясаттанушы Әзімбай Ғали Ерлан Қаринды қарабет дей жаздайды
Белгілі саясаттанушы, тарихшы Әзімбай Ғали Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қаринның «ВКонтакте» әлеуметтік желісін жабу керек деген пікіріне қарсы шықты. Тіпті Қаринның сөзін сынға алып, ол бұл мәлімдемесі арқылы "Қазақстанды жабық мемлекеттер қатарына қоспақсың", деп айыптады. Саясаттанушы Әзімбай Ғали мұндай пікірін фэйсбуктағы парақшасында жария етті.
«Оқыды, озық деген қазағым сен болсаң, онда қатардағы полковниктер не істемек? Елімізді жабық мемлекеттер қатарына еңгізбексің ғой? Қазақстанның имиджін әбден бұзбақсың ғой? «В контактте» интернет желісі - қазақты жек көріп елімізді жамандайды екен» деп жабардың алдында біздің алдымыздан өткендейсің» деп жазды Әзімбай Ғали. Сонымен қатар желі қолданушысы өз жазбасында қазақ тілінің бүгінгі мүшкіл халін де тілге тиек етіп, биліктегілерге кінә артты.
«Қазақстандық баспасөзге ие емеспіз. Қазақстанда мемлекеттік тіл жерде жатыр, оған биліктен араша болған лауазымды қазақ көрмедім. Керісінше, қазақша сөйлегенге прокуратураны айтақтау биліктің ісі болып тұр. «Үш тұғырлы» тілді еңгізбек болып әрекет жасап жатқанда қайда болдың? Қазақстандық ұлт концепциясын шығарған сен емес пе едің? Тағы да басқа қазақтың рухына қарсы дүниелерді сен істейтін қабырғаларды дайындамады ма?» деп ашынды саясаттанушы.
Айта кетейік, жақында ғана Ерлан Қарин өзінің фэйсбуктағы парақшасында ВКонтакте әлеуметтік желісін мүлдем бұғаттап тастауды ұсынды. Себебі ресейлік желіден келетін қауіп еліміз үшін басым.
Сарапшының айтуынша, аталған ресейлік желіден келетін қауіп басым.
"Соңғы оқиғалар кезіндегі жағдайларда, Фейсбук емес, ең алдымен ВКонтакте желісін я тежеу, я мүлдем тоқтату керек. Негізі барлық жөнсіз, мәнсіз және қауіпті бәлекеттің бәрі сонда" деп жазды Е.Қарин.
Ерекше атап өтерлігі, 5 маусым күні Ақтөбеде орын алған террорлық шабуылдан құқық қорғаушылар лаңкестердің әлеуметтік желідегі парақшаларын зерттеп көрген. Олардың барлығы ВКонтакте желісіне тіркеліп, ондағы діни топтардың мүшесі болған.
- Ерлан Карин
- Ерлан Қарин
- Әзімбай Ғали
- Азимбай Гали
- саясат
- Корреспондент
- қызық ақпарат
Елдегі 3 түғырлы тілде Орыс тілінің күшін бөлшектеуге бағыталған мақсат.
Контакты желісіде Орыс ақпаратын құрту және орыс тілді бір сайтты жойудың басты мақсаты осыны түсіне алмағн Әзімбай Ғали алжыған қақпас аузыңды бағып тыныш отыршы.