ОҚО түлектерінің кейбірі ҰБТ-дан 1 балл да жинай алмаған
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

ОҚО түлектерінің кейбірі ҰБТ-дан 1 балл да жинай алмаған

Фото: el.kz

Оңтүстік Қазақстан облысында өткен ұлттық бірыңғай тестілеуде шектік балл түгілі, 1 балл да жинай алмаған түлектер бар. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің аймақтық филиалында өткен брифингте облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ержан Бұрханов осылай деді.

 

Биыл оңтүстікте сынақ  тапсыруға 19798 бітіруші өтініш беріп, оның 19691-і тест тапсырған. Ал 36 оқушы ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен халықаралық олимпиада және ғылыми жоба жарыстарының жеңімпаздары ретінде тест тапсырудан босатылған. Сынақ нәтижесі бойынша өңірдегі 6 түлек ең жоғары 125 балл жинаса, 124 балл жинаған оқушылар саны 18-ге жеткен. Ал 3438 оқушы 100 балдан жоғары жинп, «Алтын белгіге» үміткер 1439 оқушының 575-сі сенімді ақтаған. Оның 40-ы Мақтарал ауданындағы Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектептің түлектері. ҰБТ нәтижесінде өңірдің орташа көрсеткіші 77,7 балл. Бұл былтырмен салыстырғанда 1 балға кем.

Облыстағы аудан, қалалар бойынша кентаулық түлектер жоғары нәтиже көрсетіп,  көш бастаған. Ал Сарыағаш ауданы ең төмен көрсеткішке қол жеткізген.  Айт кетейік, биыл облыста 31285 бала мектеп бітірді. 

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Алматыда 11 жастағы ер бала өгей әкесі зорлап, қорқытқанын айтты

Өгей әке ұлын зорлады деп айыпталуда. Алматы тұрғыны азаматтық некедегі күйеуін осындай ауыр қылмыс жасады деп айыптады. Айтуынша, 11 жасар  ұлын бірге тұратын ер кісі зорлаған. Өгей әкесі оны жұмысқа...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да 25 жылда 1046 нысан салынған

Тәуелсіздік алған жылдар ішінде Оңтүстік Қазақстан облысында 1046 нысан пайдалануға берілді. Бұл туралы ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық құрылыс басқармасының басшысы С...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter