БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған
Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін. NewTimes.kz ақпараттық агенттігі WhatsApp арқылы таралып кеткен құжатты жария етті. Онда Есентаевтар отбасындағы кикілжің туралы мәлімет жазылған.
"Соталды тергеу кезінде Баян және Бақытбек Есентаевтардың арасындағы жанжал отбасылық мәселелерге қатысты болғаны анықталды. Баян Есентаеваның ата-анасының айтуынша, оның күйеуі әйелін қызғанып, көзіне шөп салды деп күдіктенген. Бұл жағдайдан кейін Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған. Кейін "Лашын" тобына бейнебаян түсіру үшін Грузияға ұшып кетеді", - деп жазылған желі арқылы таралған құжатта. Бірақ, Баян Есентаева Қазақстанға белгіленген уақыттан кешігіп, Грузиядан емес, Түркиядан ұшып келген.
"Ол (Бақытбек Есентаев - NT) 6 маусым күні Алматы әуежайынан әйелін күткен. Алайда, продюсер сол күнгі рейстен түспеген. 10 маусым күні қатты мас күйінде ол әйелін әуежайдан туысымен бірге күтіп алады. Әйелін өзіне опасыздық жасады деп айыптаған Бақытбек Есентаев оны Байбұлақ ауылында тұратын ата-анасына (Баянның) апармақ болады. Жол бойында екеуінің арасында жанжал туады. Бақытбек Есентаев туысына көлікті тоқтатып, шығуын сұрайды. Жанжал барысында ол әйелді соққыға жығып, көліктің есік тұсындағы қалтадан пышақты көріп, Баян Мақсатқызының іш тұсынан сұғып алады. Бұдан соң ол көліктен түсіп, туысына әйелін ауруханаға жеткізіп тастауды сұранған" деп жазылған құжатта. Бұл күдікті Бақытбек Есентаевтың құзырлы мекемедегілерге берген түсініктемесінен алынған жауап екен. Аталған құжаттан Баян Есентаеваның ата-анасының да түсініктемелері жазылған. Олардың айтуынша, соңғы кезде Есентаевтар әулетінде қызғаныштың салдарынан жиі ұрыс-керіс орын алған. Баянның анасы Гүлжамал Мұхитденова қызы Баянның күйеуінен ажыраспақ ойда болғанын растаған.
«NewTimes.kz» ақпараттық агенттігінің редакциясы аталған құжатқа қатысты Алматы облыстық ІІД-інен пікір алмақ болады. Алайда полицейлер құжаттың жалған не рас екеніне қатысты пікір білдірмеген.
Еске сала кетейік, 10 маусым сағат 12.05 шамасында Баян Есентаева қансыраған күйінде Талғар аудандық ауруханасына жеткізілген болатын. Дәрігерлер оның бас сүйегінен жарақат алып, пышақталғанын растады. Оған жедел ота жасалды.
- Баян Есентаева
- Бақытбек Есентаев
- Есентаеваны күйеуі пышақтап кетті
- Бақытбек есентаев екі айға қамауға алынды
- Корреспондент
- қызық ақпарат