ОҚО әкімдік ғимаратындағы дәретханаға кірушілер күлкіге қарық болып жатыр (фото)
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігіндегілер әжетханадағы тазалықты сақтаудың жаңа үлгісін ойлап тапты. Тазалықты сақтауды өтінген олар бұл тілектерін өлең жолдарымен жеткізуді ұйғарған. «Көрдіңіз бе? Енді соңына дейін оқыңыз!» деген сөйлеммен басталған бұл ерекше ұсынысты оқып шыққан адамның жүзіне күлкі үйірілері сөзсіз.
«Демейді ешкім саған «артық кеттің»,
Маған десең, бір тонна артып кеткін.
Өтеген соң әжетті, бір өтініш!!!
Унитаздың түймесін басып кеткін» делінген өлең жолдары «Бар шаруаң біткен соң шығарыңда, өшіріп кетсең шамды түк етпейді» деп аяқталады. Мағынаға толы бұл ұсыныс әкімдік ғимаратындағы барлық дәретханаға қабырғаларына жабыстырылған және келушілерді күлкіге қарық қылып жатыр.
- ОҚО
- ЮКО
- ОҚО әкімдік
- акимат ЮКО
- Бейбут Атамкулов
- Бейбіт Атамқұлов
- дәретхана
- Корреспондент
- қызық ақпарат