Талмау тұс
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Талмау тұс

Ширек ғасырда адам түгілі аюды да қазақша сөйлетуге болар еді...

Ширек ғасырда адам түгілі аюды да қазақша сөйлетуге болар еді...

Биыл тәуелсіздік алғанымызға жиырма бес жыл толады. Яғни, сол жылы туылған сәби бүгінде ат жалын тартып мінетін азамат болды. Егер шындап кіріссе, осынау ширек ғасыр адам түгілі аюға да тіл үйретуге толық жетеді. Тек оған шынайы ықылас керек. Ал бізде қазақ тілінің көсегесін көгертуге атсалысқан сайын алға басқан қадамы артқа кететін кертартпа көрініс бар.

900-ден аса отбасы ОҚО-дан Солтүстік Қазақстанға қоныс аударуға дайын

900-ден аса отбасы ОҚО-дан Солтүстік Қазақстанға қоныс аударуға дайын

Еңбек күші тым көп оңтүстік өңірдің тұрғындары еліміздің солтүстік аймақтарына қоныс аудару бағдарламасына қызығушылық танытып отыр. Мұндай мәлімдемені Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелеріне қатысты өткен кеңес барысында Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның "Ақселеу" ЖШС директоры Серік Малаев жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Түркістандағы аялдамалардың атын естісең, күлкің келеді

Еліміздің рухани астанасы саналатын Түркістанның күн санап көркейіп келе жатқанына талас жоқ. Дегенмен, аялдама атауларына келгенде тосылып қалатынымыз рас. Мән-мағынасы жоқ аттарды ауыстырып, рухани астана атына лайықтауға жергілікті шенеуніктер мән берер емес.

Қазақы атау емге жоқ

Халықтың ұлықтауына қатысты туындаған өте нәзік, шетін мәселені шешуге келгенде Мархабат Байғұттайын азамат Шымкент қаласындағы жаңадан ашылған ауданға «Қаратау» деген қастерлі атауды белгілеп бергенде, кәдімгідей-ақ қуанғанбыз. Қуануымыздың себебі, игілігі ұшан-теңіз осы бір игі бастаманың шарапаты тиіп, аталмыш аудан шеңберіндегі біздер тұрғыны болып табылатын «Қайнарбұлақ» саяжайындағы көше атаулары да өзгерер деген үміт оты тұтанып еді...

Салынып жатқан үйлердің сапасы қандай?

Бүгінгі қоғамда құрылыс саласына қатысты қым-қиғаш пікір көп. Соның басым бөлігі саладағы сапасыз істерді сынға алып жатады. Жұмыс болған соң кемшілік те қатар жүретініне түсіністікпен қараған жөн шығар, бірақ кейінгі кезде бітпей жатып құлап қалатын құрылыс нысандарының саны адам жаңылысатындай жағдайға жетті емес пе?! Және бір байқағанымыз, тұрғын үй кешені құлап қалған кезде ғана дабыл қағылып, бұқараның назарын өзіне аударғаны болмаса, мектеп, балабақша, аурухана сияқты әлеуметтік нысандардағы «ЧП-лар» онша айтыла бермейді.

Ақталған «Алтын белгі»

«Ебін тапқан екі асайды». Алдымен абыройға кенеледі, сосын танымал оқу орнына топ ете қалады. Мұның өзі екі асау емей немене? Жыл сайын мемлекет ҰБТ-ны қиындатудың әдісін тапқанымен халық та оған бола ұнжырғасын түсірмей, бір амалын тауып жатыр, әйтеуір. Мұндайда «әр қазақ менің жалғызым» деп қуанышын бөліскенімізбен, көз алдымызда жүргендердің неге, қалай жеткенін ішіміз біліп тұрады. Бірақ іш білсе де іштен тынамыз. Іштен тынсақ та күмәнмен қарап іштей көпке топырақ шашып аламыз. Іштей шашылған топырақ үшін сырттағыларға есеп бермейтініміз жақсы ә? Ал сырттай айтарымыз: «Алтын белгіні ақтағандар барлық марапатқа лайықты!»

Кәрі тарихқа қырын қарап жүрген кімдер?

Кәрі тарихқа қырын қарап жүрген кімдер?

Балаларды ана тілінен бездіргені несі деп үштұғырлы тілге байбалам салған ел тарихы тасада қалса қайтпек? Қазақ тарихын қысқартып оқыту кімге керек болды? Естеріңізде болса, осыдан біраз уақыт бұрын жоғары оқу орындарында Қазақстан тарихы пәнін тек 1991 жылдан бері қарайғы дәуірмен байланыстырып қана оқытуды қолға алуды ұсынды. Алайда Білім және ғылым министрінің бұл реформасы оқу жүйесі мен балаға білім беруде, одан қала берді ұлт болашағы үшін қаншалықты тиімді?

Ана тілін білмейтін министр қазақта ғана бар

Ана тілін білмейтін министр қазақта ғана бар

Соңғы кездері қазақшаға қырын қарайтындардың қарасы көбейіп келеді. Не десек те, бұл күні бүгін қылаң берген құбылыс емес. Әйткенмен билікте отырғандардың біразы өз ойын ашық айтып, қазақшаны орыс тілдің тасасында қалдыратынды шығарды. Сонда дейміз-ау, ана тіл, туған тіл, әрі-беріден соң мемлекеттік тілдің ресми тіл құрлы құны болмағаны ма?

Тоқалдың «қызығын» байлар көреді

Соңғы кездері тоқал алғанын мақтаныш етіп, қос қатынды басқарып отырғанын лепіре әңгімелеген кәсіпкерлер мен танымал адамдар туралы материалдар жиілеп кетті. Олардың бұл әрекетінен пиардан бұрын, жалпы көпшілікке, оның ішінде өзі қатарлас ер-азаматтарға бағытталған «көрдің бе, менің ақшамның көптігін тоқал алғанымнан біле берсейші» деген зымиян ниет-пиғылды аңғармау мүмкін емес.

Балаң әкім болса, көшеңде атың тұрар

Балаң әкім болса, көшеңде атың тұрар

Баласы әкім болса әкесінің аты асқақтап шыға келеді. Өзі басқарып отырған ауданның бір көшесіне баттитып әкесінің атын береді. Қолда тұрғанда қоныштан басып, тек сол көшені ғана көркейтуге білек сыбанып кірісіп жатады. Әрине, әркім-ақ өз әкесін идеал тұтып, ерекше құрметтейтінін түсінуге болады. Бірақ, ардақ тұтудың, атын шығарудың, тарихта қалдырудың жөні осы екен деп орынды-орынсыз жерлерге тыққыштай беру қаншалықты дұрыс? «Атың шықпаса жер өрте» дегендей, қалайда әкесінің немесе атасының атына көше алып беру үшін жанталасатындардың жарысқа түсіп кеткені сонша, бүгінде ұлы адамдардың атына берілген көшелерге де ауыз сала бастады. Мысал керек пе?

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter