Қорасына лаңкес түнеп шыққан ақтөбелік тұрғын әлі есін жия алмай жүр
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Қорасына лаңкес түнеп шыққан ақтөбелік тұрғын әлі есін жия алмай жүр

Фото: aktobenews.kz

Ақтөбеде лаңкестік әрекет жасап, іздеуде жүргендердің біреуі  Қобда ауылының Білтабан көшесі №60 үйдің қорасына қонып шығыпты. Үйдің иесі Жантас Сүндетов осы оқиғадан әлі ес жия алмай отырғанын айтады, деп жазады aktobenews.kz.

 

— Маусымның жетісі күні кешкілік үйге Гүлім деген таныс әйел қызын ертіп келді. Ол бұрын Қобдада тұрып, әйелім Күлән екеуі бірге жұмыс істеген болатын. Бір қызы менің қызымның сыныптасы. 2012 жылы Ақтөбеге көшіп кеткен екен. Ешқандай жақындығымыз жоқ. «Аға, мен Қобдаға қайтадан көшіп келіп жатырмын. Жалдап тұратын пәтер іздеп жүрмін. Бүгінше қызым екеуіміз сіздің үйіңізге қонып шығайық», — деп сұранды. Қазақпыз ғой құдайы қонақ деп қарсы алдық, дастарқан жайдық. Түнгі 11-лер шамасында төргі бөлмеге қызы екеуіне төсек салып бердік.
Біздің үй үш бөлмелі, қызымның өз бөлмесі бар, әйелім екеуіміздің жатын бөлмемізге кіріп ұйықтап қалдық. Таңғы алтылар шамасында есік-терезе тарсылдап, полиция келіп, ұйқылы-ояу тұрған мені тергеп ала жөнелді. Бөлімшеге апарды. «Үйіме мына әйел қызымен қонды. Қорамыз жабық тұрады. Мен ештеңе білмеймін», — деп жатырмын. Сөйтсем, менің қорама қонып шыққан бүлікшілердің бірі жаңағы Гүлім деген әйелдің күйеубаласы болып шығыпты. Гүлімнің 1993 жылы туған қызының жолдасы екен. Олар Қобдаға жасырынып жетіп, отбасыларымен бірге туған-туыстарына жоламай, мен сияқты тағы бір таныстарының үйіне де түнеген екен. Мен оны білсем ауламның маңынан да жүргізбес едім, — дейді Жантас Сүндетов.

Жақында ғана жиырмаға жеткен жалғыз ұлынан қапыда айырылып, жер қойнына тапсырған Жантас ағаның отбасы үшін бұл жағдай кәдімгідей күйзеліс болыпты. Оқушы қызы қорқып қалған, әлі күнге дейін шошып ұйықтай алмай жүргенін айтады.

— Баламның садақасын береміз деп үйдегі газ балонды, артық тұрған көрпе, жүн-жыпырдың бәрін қораға шығарып тастадық. Жаз айы ғой, мал тұрмаған соң, есігін жауып қойдық, қораға ешкім кірмейді. Жаңағы Гүлімнің күйеубаласының қалай, қашан барып жатқанын ит біліп па?.. Тек құдайы қонақ деп қарсы алып, ақ дәм-дастарқанымызды жайғанымызда алған алғысымыз осы болды. Шынымды айтсам, жаныма бұл жағдай қатты батты. Онсыз да ұлымнан айырылып, қамкөңіл болып жүрген едім. «Мал аласы сыртында, кісі аласы ішінде» деген осы екен-ау, — дейді Жантас Сүндетов.

 

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

ОҚО-да ақынның әйелі салафиттерге қарсы шығу керектігін айтып дабыл қақты

«Хабардың» бұрынғы тілшісі, ақын Ақберен Елгезектің жары Дина Елгезек Ақтөбедегі орын алған лаңкестік әрекеттен соң елдегі жағдайға алаңдатушылық білдіріп отыр. Салафиттік ағымнан келетін қатерден қау...

Korrespondent.kz Қоғам

Танымал продюсер Баян Есентаеваны күйеуі соққыға жығып, пышақтап кетті

Баян Есентаеваны күйеуі пышақтап кетті деп хабарлайды Время басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Korrespondent.kz Оқиғалар

Шымкенттік кәсіпкер әйел  мемлекет қаржысын қалтаға басуға болатын  бағдарламаны айтып берді

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутат әрі кәсіпкер Рәшкүл Оспанәлиева «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын орындау барысындағы шикіліктердің бетін ашты. Кәсіпкер не себептен аталған б...

Korrespondent.kz Экономика

Қорасына лаңкес түнеп шыққан ақтөбелік тұрғын әлі есін жия алмай жүр

Ақтөбеде лаңкестік әрекет жасап, іздеуде жүргендердің біреуі  Қобда ауылының Білтабан көшесі №60 үйдің қорасына қонып шығыпты. Үйдің иесі Жантас Сүндетов осы оқиғадан әлі ес жия алмай отырғанын айтады...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter