Показать содержимое по тегу: саясат
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Сіз кімсіз, С мырза?

Бүгінде ұмыт бола бастаған, есімі еске алына бермейтін Сергей Терещенко соңғы кезде тым лепіріп жүр. Бал ара өсіріп, омарташылар одағын басқарып жүрген экс-премьер өзінің бар екенін елдің есіне салғысы келді ме, әлде шемен болған шерін ақтарғысы келді ме, әйтеуір соңғы кездері тәуелсіз Қазақстанның дамуына қалай үлес қосқанын айтқан сөздері анда-мұнда жарияланып жүр. Тіпті Қазақстанның алғашқы-премьер министрі шынын айтам деп сырын айтып қойып та жүрген сәттері бар. Кісінің аузына қақпақ болудан аулақпыз, әрине. Айта берсін. Тек бізде экс-премьерге бірнеше сұрақ бар.

Подробнее ...

Айдос САРЫМ, саясаттанушы: «Дайын емессің бе, онда жемқорлықпен күресемін деп айтпай-ақ қой»

Биыл Қазақстанның егемен ел болғанына ширек ғасыр толады. Өкінішке қарай, құлқынының құлына айналып, мемлекет қаржысына қол сұғатын сұғанақтардың саны кемитін емес. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған заңыңыз мың жерден қатаңдатылса да, парақорлардың мәселесін май шаммен қарайтын қандай орган құрсаңыз да, әуелі дәнігіп, соңынан құнығып, опырып жеуді мақсат тұтқандарға тосқауыл болмай тұр. Қайта жеті басты айдаһардай жылдан-жылға күшейіп бара жатқандай. Әсіресе, халық сенім артқан атқарушы органдардың бармақ басты, көз қыстылыққа белшеден батқандар ішінен атойлап алға шыққаны көңілге қатты қаяу салады. Қарынның тоқтығы мен уайымның жоқтығын бәрінен биік қоятын талай сатқын шенеунік қап-қап ақшамен шет елдерде бой тасалап жүр. Оларға тәуелсіздіктің де, Отанның да құны көк тиын. Жалаң патриотизммен көз бояп, билікке қолдары жеткен соң, жеке басының мүддесін ойлап, халықтың қаржысын тонаумен айналысатын биліктің кейбір өкілдері «Сыбайластықпен күресіп, тау қопарып жатырмыз» деп, күлтөбенің басында күнде жиналыс өткізіп, кімді алдайды сонда? Көкейде жүрген осы тақырып төңірегінде танымал саясаттанушы Айдос Сарыммен пікірлескен едік.

Подробнее ...

Құл-Мұхаммед «команда» жинап жатыр

Қожа-молдаларды жинап жатыр екен деп ойлап қалмаңыз, Құл-Мұхамед министр кезінде қол астында істегендерден «әскер» жасақтап, қалам-қағазбен «қаруаландырып» жатыр екен. Бұл ұзынқұлақтардың естімейтіні жоқ қой. Мұны да бізге айтып берген солар еді.

Подробнее ...

Біз осы кімдерді сайладық?

Биылғы шіліңгір шілде де саяси элитаға дем басуға мұрша бермей тұр. Жер реформасы төңірегіндегі толқулар, Ақтөбедегі лаңкестік оқиға, ол аздай, кеше ғана Алматыны дүр сілкіндірген теракт. Мұның бәрі билік органдарынан сергектік танытып, едел-жедел әрекет етуді талап етуде. «Бұл абыр-сабырға абыржымай отырған – биліктің заң шығарушы тармағы ғана» десек, депутаттар бізге талағы тарс айрылып өкпелей қоймас. Себебі, Парламент тұтастай каникулға кеткен. Үш аптадан асты. Енді аспан айналып, жерге түссе де, Сенат пен Мәжілісіңіз қыркүйекке дейін демалады. «Жаңадан сайланған төменгі палата депутаттары небары үш-ақ ай жұмыс істеді ғой. Шаршап-шалдығатындай не тындырып үлгеріпті?» деймісіз. Айтайық.

Подробнее ...
Подписаться на этот канал RSS

Басқа бас мақалалар

Error: No articles to display

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter