Шымкенттік кәсіпкер әйел мемлекет қаржысын қалтаға басуға болатын бағдарламаны айтып берді
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутат әрі кәсіпкер Рәшкүл Оспанәлиева «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын орындау барысындағы шикіліктердің бетін ашты. Кәсіпкер не себептен аталған бағдарлама бойынша жұмыс жасамайтынын да ашып айтты. Бұл ойын депутат ханым Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кезекті жиынында жайып салды.
«Облысымызда «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында бөлініп жатқан миллиондаған қаржының барлығы тиісті орнын тауып отыр деп айта алмаймын! Мен мұны ашық айта аламын! Неге десеңіздер, соған бөлінген қаржы игерілуі керек. Анау 15-20 мың теңге қаралса әрқайсысына, соның қалғанын кәсіпорын төлеуі керек деген. Бірақ сол жұмысқа жолдама алған бірде-бірі жұмыс істеп жатқан жоқ! Жәй мемлекеттің теңгесін алуда»,-деді депутат. Одан өзге Оспанәлиева аталған бағдарламаға қатысушылар жүктелген міндетке жүрдім-бардым қарайтынын да жеткізген.
«Мысалы, біз кәсіпкерміз ғой, бізге «Бизнестің жол картасы -2020″ бағдарламасы бойынша пәленбай миллиардты ұтып алдың, енді 200 адамды жұмыспен қамтуың керек» дейді. Бірақ соған ауыл-ауылдан әйтеуір адамның аты-жөнін тіркеп алады, бірақ оның ешқайсысы жұмысқа келмейді. Мен содан кейін «Жол картасы» бағдарламасынан бас тарттым!», - деді Рәшкүл Оспанәлиева.
- Рашкуль Оспаналиева
 - Рәшкүл Оспанәлиева
 - шымкент
 - ЮКО
 - депутат
 - ОҚО мәслихат депутаты
 - кәсіпкер әйел
 - Корреспондент
 - Бизнестің жол картасы2020
 - қызық ақпарат
 


