Қазақстандық журналист жан сақтау бөлімінде жатқан Есентаеваны "қарабет" болды деп айыптады
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Қазақстандық журналист жан сақтау бөлімінде жатқан Есентаеваны "қарабет" болды деп айыптады

Қазақстандық журналист Ардабек Солдатбай күйеуінен таяқ жеп, тіпті ауыр халде жан сақтау бөліміне түскен танымал продюсер Баян Есентаваның оқиғасына қатысты өз ойын фэйсбуктағы парақшасында жария етті. Журналист әйел азаматының мұндай жағдайға түсуіне өзін кінәлап, тіпті оны қарабет болды деп пікірін қалдырды. 

 

"Құдай төбеңнен ұрып жүрмесін..." Баяғыда үлкендер бір нәрседе шектен шығып артық кетіп жатсақ, осылай ескертіп, тоқтататын еді. Аллаһтң дінін, бұйрығын мазаққа айналдырып, қазақ қыздарын шешіндіріп, орамалмен күресумен айналысқан Баянға да осыны айттық талай. Міне, айдың-күннің аманында қарабет болып қалды. Иә, Құдайдың қаһарына ілініп қалмайықшы", деп жазды журналист. Айта кетейік, көктем мезгілінде танымал продюсер орамал тағып, оранып жүретіндерге қатысты пікірін білдіріп, журналистке жақпай қалған еді.

"Орамал тағып, жабық киім киетін, өзін таза әйелмін деп санайтын қыз-келіншектер! Орамалды өз саулығыңыз бен игіліктеріңіз үшін тағыңыздар! Менің әжем Тама руынан, менің арғы әжелерім ат үстінде шабатын, шаштарын жаятын және олар орамал емес, темірден жасалған дулыға киетін! Мен бәрін айттым!!!" - деп өз ойын жария еткен болатын продюсер Есентаева.

Ардабек Солдатбайдың жан сақтау бөлімінде жатқан Баян Мақсатқызының бүгінгі халіне қатысты жазбасы желі қолданушылардың пікірін екіге айырды. Бірі қолдаса, екіншісі журналистің бұл әрекетін түсіне алмай, сөге бастаған. Бауыржан Карипов есімді қолданушының "Қандай адамсың? ұят емес пе?" деген пікіріне журналист "Сенен ақыл сұрасам пұшық болып қалайын десем ше)) Неткен тақуа едің ә, оразада ғана иманың есіңе түсетін. Елдің бәріне сен деп дікеңдейтін болыпсың, көзіңді шел басайын деген бе?" деп жауап қатты.

Жазба авторының тағы бір желі қолданушының " Бұл не деген сұмдық Оразада?" деген пікіріне "Әйеліне ие болып жүретін жігіттер сөйлеп жатыр деп түсінсейші..." деп жауап жазғаны сол еді, пікір қалдырған қолданушы "Баян ғой сөйлеп жатқан. Біреудің әйелін біреудің күйеуі түземейді ғой. Қазақта "Ит үреді, керуен көшеді" деген бар. Баян бүй депті, Баян сүй депті деп не керек дегенім...." деп ойын жеткізді. 

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.

Пікірлер  

рая
+13 рая 13.06.2016 19:30
Қасиетті Рамазан айында халық жаппай оразасын ұстап жатқанда, бір бірімізді ғайбаттап, өсек айтып, бет жыртысып, әңгіме таратып жүргеніңіз күнә боларын ойладыңыз ба?
Жауап беру
Жөке.
+10 Жөке. 13.06.2016 23:32
Аллам,бізге сабырлылык бере гөр!
Жауап беру
Карлыгаш
+6 Карлыгаш 14.06.2016 07:34
Журналистен садака кет малгун! Жаны киналып омир мен олимнин арасында жаткан адамды каралаганша, юбка киiп кошеге шыгып осек айтпайсын ба озиннин шешен мен катынын жайлы. Осы малгуннын сайтын жауып тастау керек! Еш Мани магынасы жок, тек арами, надан пигыл.
Жауап беру
Баян
+1 Баян 16.06.2016 11:35
Оңбаған ит, журналистикадан садаға кеткир
Жауап беру
Арман
0 Арман 19.06.2016 10:50
Баян әпкеміздің орамалға қарсы пікірі дұрыс емес әрине.Дегенмен жаңылмайтын жақ,сүрінбейтін түяқ болмайдығой.Аллах ол кісіге хидаят,иман берсін.Бір-бірімізге кешірімді болайық.
Жауап беру
Наверх

Басқа бас мақалалар

Өз аяғымен келген суды қымбатқа сатуда

Шымкентте шілдеден бастап ауызсу қымбаттады. Қымбатшылық қыл-кеңірдектен алып тұрған мына заманда бағаны бір жүйеге келтіріп, ұстап отыру қиын. Шілдедегі ыстық нарықтың қан қысымын көтерді ме, ас атас...

Аман ЖАЙЫМБЕТОВ Қоғам

Оқу ақысы аспандап тұр

Білекке емес, білімге иек артатын замандағы ұрпақтың ұнжырғасы неге түседі? Айлығын шайлығына жеткізіп жүрген ата-ананың жанайқайын, шын мәнінде, жан баласы түсінбей ме? Он бір жыл бойы баланың киім-к...

Мақпал ТӨРЕБЕК Қоғам

Жабайы саудамен күрестің өзі көзбояушылық сияқты

Заңсыз сауда орындарымен күрес деген аты болмаса, одан шығып жатқан нәтиже жоқ. Қаланың кәсіпкерлік бөлімі, СЭС қызметі мен құқық қорғау органдары осындай тұлғаларды анықтап, ұстау үшін үнемі рейдке ш...

Жан КЕНЖЕ Қоғам

Бизнестің тамырына балта шабатын 5 себеп

Мемлекет кәсіпкерге сенеді, ал, кәсіпкер кімге сенеді? Өйткені, дағдарыс басталғалы шағын және орта бизнестің де халі мүшкілдене түсті. Мемлекеттік БАҚ-тан үздіксіз көрсетілетін ел арасындағы мақтаулы...

Жан КЕНЖЕ Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter