Ақтөбеде арнайы операция барысында 4 лаңкестің көзі жойылды
Ақтөбедегі арнайы операция жалғасып жатыр. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, тұрғындардан үйден шықпау сұралды. "Пантера" қару-жарақ дүкенінің маңындағы Алтынсарин, Жанқожа көшелері және "Отырар" сауда үйі қоршауға алынды. Жергілікті тұрғындар автобус арқылы әкетілді.
Аранйы операция нәтижесінде 4 лаңкестің көзі жойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
ҚР Терроризмге қарсы орталық Ақтөбе облысының терроризмге қарсы күрес жедел штабының қызметкерлерінің күшімен іздестіріліп жатқан қылмыскерлердің өлтірілгенін хабарлады.
"Жедел-іздеу іс-шаралары нәтижесінде террористердің Некрасов көшесіндегі тұрғын үй пәтерінде тұрғандығы анықталды. ҰҚК және ІІД арнайы мақсаттағы бөлімшелерімен террористер тұрған пәтер қоршауға алынып, блокадаланды. Қауіпсіздік шараларын қадағалай отырып, тұрғындарды эвакуациялау қамтамасыз етілді", - делінген хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше, террористер өз еркімен берілуден бас тартып, оқ жаудырған.
"Оларға қаруларын тапсыруға жасалған келесі әрекеттер де нәтиже бермеді. Арнаулы қызмет күштерімен жүргізілген шабуылда пәтерде болған 4 террористтің көзі жойылды", - деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.
Бейбіт тұрғындар мен күштік құрылымдар қызметкерлері арасында зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.
Айта кетейік, Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) жұма күні, 10 маусымда ресми сайтында Ақтөбеде лаңкестерді ұстау бойынша арнайы операцияның жалғасып жатқанын хабарлағаны белгілі. "Лаңкестер берілу туралы ұсынысқа қарулы қарсылық көрсетті. Шара жалғасып жатыр, оның нәтижесі қосымша хабарланады. Күштік фаза өткізу кезінде халықтың қауіпсіздігі сақталды", - делінген хабарламада.
- Ақтөбе лаңкестік оқиға
- лаңкестік әрекет
- қаскөйлер
- терроризм
- теракт
- теріс дін
- діни ағым
- корерспондент
- қызық ақпарат