Экс-министр Мамытбеков банкир болды
Еліміздің бас агрономы болған, яғни, ҚР Ауыл шарашылығы экс-министрі Асылжан Мамытбеков жұмыссыз қалмады. Ол «Астана Банкі» АҚ директорлар кеңесінің құрамына кірді. Бұл туралы Informburo.kz ақпарат таратты.
Бұрынғы министр банктің тәуелсіз директоры етіп сайланды. Бұған дейін бұл қызметті Махамбет Хасенов атқарып келген.
Асылжан Мамытбеков 1968 жылдың 17 қыркүйегінде Шымкентте дүниеге келген.
Еңбек жолын 1992 жылы ҚР Ғылым академиясы Мемлекет және құқық институтының кіші ғылыми қызметкері ретінде бастаған. 1998 жылы ол Қостанай облыстық жер ресурстары басқармасына төраға орынбасары болып тағайындалды. 2003 жылы Қостанай облысы әкімінің орынбасары болды. 2004 жылы Астанаға қаласы әкімінің орынбасары, 2006 жылы ОҚО әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды. 2011 жылдың 11 сәуірде Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды. Жақында жер дауына қатысты көтерілген шудан кейін Елбасы Мамытбековке сөгіс беріп, артынша министр отставкаға кетті.
- Асылжан Мамытбеков
- Ауыл шаруашылғы министрі
- тағайындау
- жер дауы
- корерспондент
- қызық ақпарат