ІІМ: "Ауруханада жатқан Есентаеваны суретке түсіріп, желіде таратқан адамды табамыз"
Полицейлер Баян Есентаеваның ауруханадағы фотосын таратып жiберген адамды iздестiрiп жатыр. Бұл туралы журналистерге Iшкi iстер министрi Қалмұханбет Қасымов айтып берді. Және де министр бұл жағдай соңына дейiн тексерiледi, деп хабарлайды BNews.kz.
«Сот күдiктiнi екi айға қамау шешiмiн шығарды. Бұл iстi адам өлтiруге оқталу бабына ауыстырдық. Қалған жағдайды соттан бiлесiздер», - дедi Қасымов.
Ал Баян Есентаеваның ауруханадағы фотосына қатысты жағдайына тоқталған министр суреттi таратқан адамды табатындарын айтты.
«Әрине, ыңғайсыз жағдай болды. Қазiр мұны тексерiп жатырмыз, бұл iстi соңына дейiн жеткiземiз», - дедi министр.
Естеріңізге сала кетейік, 10 маусым күні Құлжа тасжолының бойында Баян Есентаеваны күйеуі ауыр соққыға жығып, пышақтап тастаған болатын. Қазір продюсер ауыр халде ауруханада жатыр. Әлдекімдер продюсерді суретке түсiрiп, әлеуметтiк желiлерде таратып жiберген.
- Баян Есентаева
- Бақытбек Есентаев
- Айсәуле Бақытбек
- Қалмұханбет Қасымов
- ІІМ
- МВД РК
- корерспондент
- қызық ақпарат