"Министр Дәурен Абаев түк те бітіре алмайды"
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

"Министр Дәурен Абаев түк те бітіре алмайды"

Фото: kz.troniks.kz

Редакциямызға Пернебек есімді оқырманнан хат келіп түсті. Хат жолдаушы  Президенттің бұрынғы баспасөз хатшысы, қазіргі Ақпарат министрі Дәурен Абаевтың жұмысына күмәнмен қарайды екен. Оқырман Абаев министрліктің басшылық қызметіне келгенде кәдімгідей үміт артқанын, елдің идеология мәселесі оңтайланатынына сенімді болыпты. Бірақ...

Назарларыңызға оқырманның жолдаған хат мәтінін өзгеріссіз ұсынып отырмыз. 

 

"Бұған дейін Елбасы сөзін тәпсірлеп келген Дәурен Абаев министр болса Қазақстандағы идеология мәселесі шешіліп кетіп, бүкіл әлеуметтік желіде отыратын "бұзықтар" тәртіпті бола қалатындай сезілді. Елбасы ерекше пәрмен беретіндігін де айтты.

Алайда, қайта-қайта сүйегі шашыла беретін, бірақ оны Елбасы байқамай қала беретін Байланыс және ақпарат министрлігінің қаңқасын қайта жинағаннан қандай нәтиже шығаруға болады? Жарайды, кадр санын 10-15 адамға арттырған шығар, Орталық коммуникация қызметін астына салып берген шығар, бірақ, Қазақстанды осындай жағдайға жеткізген басшылар Президент әкімшілігінде, Үкімет кеңсесінде әлі отырған жоқ па?! Ол билік басындағы "бүлдіргілердің" орнына "трезвый" ойланып, нақты шешімдер жасай алатын адам келмей, Абаев министр болғанмен не бітірмек?" деп толғанған оқырман. 
"Ия, түк те бітіре алмайды. Өйткені министр Абаевқа орынбасарларынан бастап жауапты хатшыны да, комитет төрағаларын да, ол аз десеңіз департамен директорлары мен төраға орынбасарларын да бұған дейін бәленің бәрін бүлдіріп келген билік басындағы "бүлдіргілер" көнсе ыммен айтып, түсінгісі келмесе зорлап тағайындатқызады. Оған да көнбесе баяғыда өзі желдей есіп жүретін Елбасы қабылдауының есігі тарс жабылмақ.
Жабылған есік қайта ашылады деп те ойлауыңыз мүмкін. Бірақ, бұған дейін сол "бүлдіргілерге" қарсылық көрсеткен жас шенеуніктердің тағдыры қазір не болып жатқаны айтпаса да белгілі. Осылардың кебін Абаев кимеуіне кім кепіл? Өткенге талдау жасай келе Абаев үшін Ақорданың есігі бір жабылса ашылмайтынын ол да біледі. Осыларды біле тұра қалайша "бүлдіргілерге" қарсылық танытпақ? Ия, тырмысып бағып жатыр. Өзінен қаржылық жауапкершілікті алып тастау үшін "Матаевтікі" сияқты жеке БАҚ-қа мемлекеттік тапсырыстарды үлестіретін арнайы Қор құруда. Бұдан кейін қаржы мәселесі бойынша шенеуніктер емес, құрылған Қордың басшылары істі болмақ (Құдай басқа салмасын!)" деп жазылған хатта.

 

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.

Пікірлер  

Журфак
-1 Журфак 08.06.2016 21:12
Таза өсек қой мынау. Не көп, Пернебек деген көп. Дәуреннің орнынан үміткер бір қазықбас жаздырып отыр ғой деймін.
Жауап беру
Пернебек
+1 Пернебек 08.06.2016 22:30
Даурен Абаев орнын дал казир жауына тiлемейсiн. Бул орынга негiзi Майлыбаев дайындалып едi. Журттын айтуынша биографиясы келмеди дей ме, географиясы келмейди дей ме бирнарсе. Так что бул Майлыбаев тугили Бабакумаровтын да тапсырмасы емес. Журфак, озинде талдау жане ойлану кабилети дамыган ба еди?
Жауап беру
Кіші бала
+1 Кіші бала 08.06.2016 23:17
Майлыбаев кіші атаның баласы болған соң өтпей жүр ғой дейм. Баглан өте кекшіл дейд. Ол кешірмейд. Дәурен Шапырашты ғой.
Ал Ержаннын қандай екенін барі айтпасанда білед.
Жауап беру
Кіші бала, не айтты
+1 Кіші бала, не айтты 08.06.2016 23:23
Мәселе шапыраштылыкта емес. Дәренді Дәурен еткен Бауыржан Байбек. Ол соның командасы. Иа, Дауреннің жандосы Берсебаев Байбекпен жақсы емес. Байбек Алматыға ауысқанда қоштасу салтанатына келген Берсебаевтің қолын тіпті алмай да қойған. Бірақ Дәурен Берсебаев үшін Байбекпен кетіспеген. Бұл билік дегенде достық дегеннен көрі интерестер алда тұрады ғой түсінсен...
Жауап беру
Жанат
+1 Жанат 08.06.2016 23:05
Дәуренді министрлік лауазымына тағайындағанда Елбасы жақсылап ойланған болуы керек. Бұл әлі кландарға қосылып тамырын жая қоймаған тұлға. Бабақұмаров, Майлыбаев сияқты интригалармен былғанбаған. Шын мәнінде Майлыбаев пен Бабақұмаров бірін бірі жақсы көрмейді деп айтуға болады.
Елбасыға өзінің ғана етегінен ұстаған адам керек. Бірақ министрлік жыл сайын ауысатынын ескерсек, арты қайырлы болсын деп тілейміз Дәурен мырзаға!
Жауап беру
анонимус
+1 анонимус 08.06.2016 23:35
Қызық ақпар. Материал өте жақсы жазылыпты. Логика дұрыс. Майлыбаев Свобода слованың редакторы Жанна Ойшыбаеваның курстасы. Неге екені белгісіз әйтеуір үнемі сүйреп жүреді. Сол Жаннаның інісі бар Кемел Ойшыбаев деген, ертең сол вицеминистр болмақшы.
Құрылып жатқан ақпарат комитете төраға болып келуге АПдағы завсектор Ержан Нөкежанов дайындалған. Қазір переиграли. Енді ол лауазымға Бабақұмаровтың жұмыссыз қалған орынбасары Нургуля Мауберлинова келмек.
Сондай ак, Директор департамента болып Кәріпжанова Роза Самидуллаевна келеді.
Жауап беру
оқырман
+1 оқырман 08.06.2016 23:47
Орталық коммуникациялар қызметін астына емес, қол астына салып берген шығар?! Бабақұмаровтың мекемесін астына алатындай "анандай" емес қой))))) дұрыстап жазу керек тексті
Жауап беру
Жанна
-1 Жанна 09.06.2016 17:14
негізі отырып алып өсек айтқанша, Даурен Абаевтың дәрежесіне жетіп алу керек. қазақ десек өзіңе келеді. алда келе жатқанның аяғын шалмай, ол адамға демеу болу керек деп ойлаймын. ол да бір қазақ баласы. енді құрылған министрлік, алдағы уақытта жұмысын көрсете жатар. кішкене мүмкіндік беру керек қой
Жауап беру
Жанна ханымға
0 Жанна ханымға 09.06.2016 19:47
Кешегі өздерін жарған уахабистерді қазақтың баласы емес деп кім айтты? Жаңаөзенде өз қандастарын қыруға тапсырмабергендерді біреу сізге өзбек не өзге ұлт деп айтты ма? Бәрін бүлдіріп жатқан осы өзіміздің қазақтар! Так что ондайды қою керек!
Жауап беру
Жанна ханымға
0 Жанна ханымға 09.06.2016 19:50
Қазақстандық ұлт доктринасын ұсынған да қазақ. Кәдімгі Ерлан Қарин. Бекболатты біреу араб немесе басқа деп біреу айтты ма?
Жауап беру
Наверх

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Қазақстандық журналист жан сақтау бөлімінде жатқан Есентаеваны "қарабет" болды деп айыптады

Қазақстандық журналист Ардабек Солдатбай күйеуінен таяқ жеп, тіпті ауыр халде жан сақтау бөліміне түскен танымал продюсер Баян Есентаваның оқиғасына қатысты өз ойын фэйсбуктағы парақшасында жария етті...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әйелін әуежайдан пышақпен күтіп алған Бақытбек Есентаев 7 жылға сотталуы мүмкін

Талғар аудандық сотының судьясы Ілияс Мұхаділұлы танымал продюсер Баян Есентаеваның күйеуі Бақытбек Есентаевты екі айға дейін қамауға алу жөнінде шешім шығарды. Оның үстінен ҚР ҚК 21-бабы 2-бөлімі жән...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Астананың бас мұғалімі қолына дипломын ала сала мектеп директор болған

Астана қалалық білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыевты жұлдызын жанған шенеунік деуге болады. Себебі ол жоғары оқу орнының дипломын ала салып, мектепке директоры болып тағайындалған. Ал дип...

Korrespondent.kz Қоғам

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter