Мәжілісмендер Ақтөбеде қаза болғандарды үнсіздікпен еске алды
Мәжiлiс депутаттары Ақтөбедегi лаңкестiк салдарынан мерт болған азаматтарды бир минут үнсiздiкпен еске алды, деп хабарлайды BNews.kz.
"Бүгiн 9 маусым Президент Өкiмiмен елiмiзде Ақтөбе қаласында жасалған террористiк акт салдарынан әскери қызметшiлер мен азаматтардың қаза болуына байланысты Ұлттық аза тұту күнi болып жарияланған. Осыған орай бiз мәжiлiс депутаттары да бүгiнгi отырысымызды бастамас бұрын, террористiк акт салдарынан құрбан болған отандастарымызды бiр минут үнсiздiкпен еске алайық", - дедi Мәжiлiс төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева. Ал депутат Бақытбек Смағұл Ақтөбе құрбандарына арналған өлеңiн оқыды.
- Ақтөбе
- терроризм
- теракт
- лаңкестік
- Ақтөбедегі атыс
- Ақтөбедегі шабуыл
- Корреспондент
- қызық ақпарат