Алматыда 11 жастағы ер бала өгей әкесі зорлап, қорқытқанын айтты
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Алматыда 11 жастағы ер бала өгей әкесі зорлап, қорқытқанын айтты

Фото: vg-news.ru

Өгей әке ұлын зорлады деп айыпталуда. Алматы тұрғыны азаматтық некедегі күйеуін осындай ауыр қылмыс жасады деп айыптады. Айтуынша, 11 жасар  ұлын бірге тұратын ер кісі зорлаған. Өгей әкесі оны жұмысқа көмектесуге алып кетіп, оңаша пәтерде ойына келгенін істеген көрінеді. Қазір осы жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалып, сараптама жүргізіліп жатыр. Бұл туралы КТК арнасы хабар таратты. 

 

11 жасар  Серіктің айтуынша, оқиға 2 маусым күні болған. Өгей әкесі өзі жөндеу жүргізіп жатқан пәтерге баланы «көмектесесің» деп алып келген көрінеді. Кейін мұнда келісімен жеткіншекке тиісе бастапты.

-Ол мені төсекке жатқызды. Шешін деді. Сосын ойына келгенін жасады. Қарсылық білдірдім. Бірақ ол мені қорқытты,-дейді жасөспірім.

Артынша күш жұмсады дейді жеткіншек. Болған жағдай туралы ешкімге тіс жармауын айтып, қоқан-лоқы да көрсеткенін айтады. Тіпті видеоға түсіріп, ғаламторға жариялаймын деп қорқытыпты. Кейін бала бар жағдайды анасына айтып берген. Толқын Сейітқалиева күйеуінің 4 балаға алғашында ерекше мейірімділік танытқанын айтады. Сондықтан мұндай сорақы әрекетке барады деп ойламаған екен.

–Соңғы кездері ғана Серікке қайта-қайта ұрысып жүрді. Бала болған соң өгей әкесіне қарсы сөйлейтін кездері болды. Бір күн бұрын үстел басында балаға «Ертеңге дайындал» дегені анық есімде. Ол кезде осынша жауыздық жасайды деп мүлдем ойламадым,–дейді жәбірленушінің анасы. 

Баласынан бар жағдайды естіп, төбе шашы тік тұрған Толқын бірден полицияға шағымданған. Бірден қылмыстық іс қозғалыпты. Бірақ өгей әке балаға жәбір көрсетті ме, жоқ па кесіп айту қиын дейді тәртіп сақшылары. Өйткені баланың сөзінен басқа дәлел жоқ. Ал айыпталған азаматтың өзі қолхатпен бостандықта жүр.

Қатты шошынып қалған ана мен бала енді ол жазадан құтылып кете ме деп қорқады. Дегенмен полиция болған оқиғаны бастан-аяқ тексеріп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу барысында 2 сараптама тағайындалған. Егер айыпталушының расымен өгей баласын зорлағаны дәлелденсе, біраз жыл бостандық көрмейтіні анық.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Астаналық бойдақ жігіт Баян Есентаеваға үйленуге дайын екенін айтты

Танымал продюсер Баян Есентаева оқиғасы елді есеңгіретіп, көптің талқысына түскен еді. Бүгінде ауруханада жатқан продюсердің амандығын тілеушілер саны күн санап артуда. Нұрталап Пердебек есімді астан...

Korrespondent.kz Қоғам

Атышулы блогер Шымкенттің бас тәртіп сақшысын ауруға теңеді

Құрылғанына көп уақыт өте қоймаған Шымкенттегі жергілікті полиция қызметіндегілердің жұмысы тұрғындар тарапынан жоғары бағаланып, елдің алғысына ие болып үлгерген болатын. Аталған мекеме құрыла жергіл...

Korrespondent.kz Қоғам

Баян Есентаева сенбі күні ауруханадан шығарылуы мүмкін

Жуырда күйеуінен зәбір көріп, жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан танымал продюсер әрі тележүргізуші Баян Есентаеваның жағдайы жақсара бастады. Дәрігерлердің айтуынша, науқасты ешкім мазаламас үшін он...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Астана тұрғыны жаңа әжетхананың ашылуына қала әкімі Жақсыбеков келеді деген сенімде

Астаналық тұрғын Азамат Көшенов бас қаладағы Жастар сарайы маңында жаңа әжетхананың ашылуы болатынын айтып, көпшіліктен сүйінші сұрады. Тіпті ол дәрет сындыратын орынның ашылуына әкімнің өзі қатысатын...

Korrespondent.kz Қоғам

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter