Шымкентте көлікте жатқан жұмыртқа өздігінен пісіп қалды (фото)
Шымкенттік тұрғын өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында көпшілікті таң қалдырарлық жаңалығымен бөлісті.
"Бұл Шымкент, балақай! Күні бойы көліктің артқы жүк салғышында жатқан жұмыртқа кешке қарай пісіп, жеуге дайын болып қалды" деп жазды шымкенттік. Мұны оқыған желі қолданушылары кешкілік асты оңай дайындаудың тәсілдерін ұсынған.
"Газ плитасына жақындамай-ақ тамақ әзірлеуге болады. Бастысы, көліктің жүк салғышына тауық етін тастасаң, кешке гриль дайын болады" деп әзіл-шыны араластырып пікірін қалдырған. Бұл туралы Отырар арнасы ақпарат таратты.
Айта кетерлігі, соңғы аптада Шымкентте күн күрт ысып кетті. Тіпті ауа температурасы 43-44 градусқа дейін жоғарылады.
- шымкент
- жара
- лето
- күн ысыды
- жаз
- күн қайнады
- Шымкентте күн ақйнады
- Корреспондент
- қызық ақпарат