Мемлекет аты шулы "шумахер" Үсеновтің әкесі Қажымұраттың дымын қалдырмай тартып алды
Астанада қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Астана ЭКСПО-2017» компаниясында қаржы жымқыру ісі бойынша өз кінәларын мойындаған 12 сотталушыға қатысты үкім шығарды. Сотталушылардың бірі, компанияның Құрылыс департаментінің бұрынғы басшысы Қажымұрат Үсенов екі жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, судья сотталушылардың мүлкін тәркілеуді де ұмыт қалдырмады.
Көпшілікке «шумахер» лақап атымен танылған аты шулы Мақсат Үсеновтің әкесі Қажымұрат Үсеновтен «Халық банкі» есеп-шотында тұрған 192 мың теңге көлеміндегі қаражаты, Алматы облысындағы тұрғын үй, Алматыдағы гараж, Nissan автомашинасы, екі жер учаскесі мен жазғы асханасы тәркіленді.
Тек қана Үсенов емес, үкім оқылған барлық айыпталушының мүліктері тәркіленді. Соның ішінде «АДС Компаниясының» президенті болған Марс Шормановтың ЖШС-дағы 100 пайыздық үлесі мемлекетке аударылса, Талғат Сағындықов «Ирбис Транс ЛТД» ЖШС-дағы 100 пайыздық үлесі нен айырылды. Ал Сейіт Сейітовтің «Каспий банк» АҚ есеп шотындағы 434 мың теңге, «Цеснобанк» АҚ есеп-шотындағы 634 мың теңгесі, «Казкоммерцбанк» АҚ есеп-шотындағы 89 мың теңгесі және 970 мың доллар, «Халық банкі» АҚ-дағы 66 мың теңгесі, «Альфабанк» АҚ 296 доллары, «Центр кредит» АҚ есеп-шотындағы 71 мың теңгесі, екі үй, қойма ғимараты, жазғы үй, үш жер учаскесі, кеңсе, тұрғын үйге жапсарлас ғимарат пен Алматыда жеке тұрғын үйі тәркіленді. Toyota Land Cruiser Prado, Nissan Patrol автокөліктері, үш ЖШС-дағы 50 және 100 пайыз қатысу үлестері мемлекет кірісіне алынды.
- Максат Усенов
- Мақсат Үсенов
- Қажымұрат Үсенов
- Кажымурат Усенов
- ЭКСПО2017
- Талгат Ермегияев
- Талғат Ермегияев
- ақша ұрлау
- қаржы жымқыру
- Корреспондент
- қызық ақпарат