Талғат Ермегияев 14 жылын абақтыда өткізетін болды
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Талғат Ермегияев 14 жылын абақтыда өткізетін болды

Фото: qostanay.tv

 Бүгін Астанадағы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ермегияевті 14 жылға бас бостандығынан айырды, деп жазды SKIFNEWS.KZ.

 

Ермегияев аталған мерзімді қатаң режимдегі колонияда өтейтін болады және оның бүкіл дүние-мүлкі тәркіленбек. Сондай-ақ, бостандыққа шыққаннан кейін мемлекеттік органдар мен коммерциялық ұйымдарда басшылық қызмет атқара алмайды. Судья Әділхан Шайхисламов сотталушыны бүкіл мемлекеттік наградаларынан да айырды.

Үкім сот ғимаратының үлкен залында өтті. Орынның көп болғанына қарамастан Ермегияевті қолдауға келген жұрт залға әзер сыйды. Олардың қатарында айыптының туыстары мен достары, БАҚ өкілдері және қоғам белсенділері бар.

Талғат Ермегияев "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының 10,2 млрд теңгесін талан-таражға салды, пара алды, қызметін асыра пайдаланды деп айыпталған болатын. Дегенмен, экс-төрағаның өзі тағылған осынау айыптардың бірде-бірін мойындаған жоқ. Тіпті, өзінің соңғы сөзінде мұны өзіне қолдан жасалған қастандық екенін де айтып қалды.

Айта кетейік, сәуір айының басында өткен Талғат Ермегияевтің сот отырысына ауыр атлет Илья Ильин айыпталушыны қолдап келген болатын. Тілшілерге берген сұхбатында спортшы: "Шынымды айтсам, бұл жайлы бірінші рет естігенде, көңілім түсіп кетті. Талғат Ермегияевті жақсы басшы ретінде білемін. 2012 жылы біз бірге жақсы жұмыс істеген едік, елімізге олимпиаданың екі дүркін чемпионын әкелген едік. Іс бойынша ештеңе айта алмаймын. Бірақ оны жақсы адам деп білемін, хабарластық, дос болдық деуге де болады. Мұндай басшылар аз", - деп сұхбат берді. Сондай-ақ, чемпион: "Мен Талғат Ермегияев жайлы айтуға келдім. Жақсы адамды қолдауға келдім. Жаным қалап келдім. Енді не боларын білмеймін. Мұны сот шешеді", - деп ойын ашық жеткізген-ді. 

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Қазақстандық журналист жан сақтау бөлімінде жатқан Есентаеваны "қарабет" болды деп айыптады

Қазақстандық журналист Ардабек Солдатбай күйеуінен таяқ жеп, тіпті ауыр халде жан сақтау бөліміне түскен танымал продюсер Баян Есентаваның оқиғасына қатысты өз ойын фэйсбуктағы парақшасында жария етті...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Астананың бас мұғалімі қолына дипломын ала сала мектеп директор болған

Астана қалалық білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыевты жұлдызын жанған шенеунік деуге болады. Себебі ол жоғары оқу орнының дипломын ала салып, мектепке директоры болып тағайындалған. Ал дип...

Korrespondent.kz Қоғам

Әйелін әуежайдан пышақпен күтіп алған Бақытбек Есентаев 7 жылға сотталуы мүмкін

Талғар аудандық сотының судьясы Ілияс Мұхаділұлы танымал продюсер Баян Есентаеваның күйеуі Бақытбек Есентаевты екі айға дейін қамауға алу жөнінде шешім шығарды. Оның үстінен ҚР ҚК 21-бабы 2-бөлімі жән...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter