ОҚО әкімінің орынбасары Тұяқбаев өз командасын жинап жатыр
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

ОҚО әкімінің орынбасары Тұяқбаев өз командасын жинап жатыр

Фото әлеуметтік желіден алынды

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев командасын жинап жатыр. Анау-мынау емес, «Болашақ» бағдарламасын түлектерін...

 

АҚШ-та білім алып жүрген оңтүстікқазақстандық азаматқа  Америка Мемлекеттік Басқарушылар Қоғамының 70 жылдық мерейтойына орай әлемдік конференцияда  баяндама жасап, демеуші табуына Тұяқбаевтың өзі көмек беріпті. Бұл туралы болашақтық түлек, бүгінде мемлекет қызметке орналасу үшін бағын сынап жүрген Дархан Жиенбай әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы ой бөлісті.

«Сапарбек Тұяқбаевты жеке танимын. Супер идеальный адам демеймін. Іскер, объективті ойлайтын, заманауи теxнология мен ғылымның қажеттігін жақсы түсінетін, өз жұмысын жақсы білетін, өзіне сенімді, арманы мен амбициясын іске асырушы маман деп айта аламын. 
Болашақпен АҚШ-та оқып жүріп былтыр жазғы демалыста туған өлкем Оңтүстіктің экономикасын көтеруді ойлап жүріп, сұрақтармен С.Тұяқбаевқа xабарластым. Өте жақсы қарсы алып, қала жанындағы Индустриалды аймақтарға алып барып, жасалып жатқан жұмыстармен таныстырды» деп жазды болашақтық түлек. Сондай-ақ жазба авторы аймаққа жасаған сапары кезінде ОҚО әкімінің орынбасары  АҚШ-тың теxнологиясын алып келуді сұрағанын да жайып салды.
«Магистрлік диссертациямды ОҚО-да кәсіпкерлікті дамыту тақырыбында жаздым. Диссертациялық жұмысымды Америка Мемлекеттік Басқарушылар Қоғамының 70 жылдық мерейтойына орай әлемдік конференцияға Вашингтон штаты, Сиатл қаласында баяндама жасауыма, демеуші табуыма Сапарбек көмек берді. 
Конференция сәтті өтіп, АҚШ профессорлары өте жақсы деген баға берді. Қазір ОҚО ауыл шаруашылық басқармасында тағылымдамадан өтіп жүрмін. "Болашақты" бітіріп келгендерді Астанаға ұмтылмай, регионға келуге шақырамын. Өйткені, ауылдың жағдайын өз көзімен көріп, ауыл адамдарының мұңын өз құлақтарымен естімей, шет елден көшіріліп жасалған реформалар жұмыс істемейтінін көзіммен көріп жүрмін. Дәл қазір Оңтүстікке Сапарбек сияқты іскер азаматтар өте қажет» деп ойын білдірген Дархан Жиенбай алдағы жоспарымен де бөлісуді ұмыт қалдырмады.
«С. Тұяқбаев мені шақырса, енді мен әлемдік теxнологияны трансформациялауды білетін 10 жігіт шақырам. Солайша, Құдай қаласа, Оңтіүстік өңірі оңынан оңала береді» деп ойын түйді автор.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Депутаттың кедейі жоқ...

Дәулетті депутат – қалыпты жайт. «Тегін адам таз болмас» дегендей, халық қалаулысы атану үшін де жағдай мен қаражат қажет. Көбісі кәсіпкер, миллионер бизнесмен, бұрынғы шенеунік, жалпы алғанда қоғамда...

Жанат ҚАПАЛБАЕВА Саясат

Айдос САРЫМ, саясаттанушы: «Дайын емессің бе, онда жемқорлықпен күресемін деп айтпай-ақ қой»

Биыл Қазақстанның егемен ел болғанына ширек ғасыр толады. Өкінішке қарай, құлқынының құлына айналып, мемлекет қаржысына қол сұғатын сұғанақтардың саны кемитін емес. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттал...

Тұтқабай ФАЗЫЛБЕК Саясат

Отырардағы емхананның «потологы» опырылып түсті

Пайдалануға берілгеніне көп болмай жатып, құлап қалатын құрылыс нысандары кейінгі кезде көбейіп барады. Қарағандыдағы «Бесоба» кешеніндегі көпқабатты үйлердің өкініші әлі ұмытыла қойған жоқ. Оның ізін...

Аман ЖАЙЫМБЕТОВ Қоғам

Дамыған 30 ел баяғы жартастың басында ма?

Қазақстанда кедейлер саны 2,5 миллионды құрапты. Бұл – елдегі барлық азаматтардың 14%-ы! Дүниежүзілік Банк жуырда жариялаған баяндамасында Қазақстанның әлеуетіне сараптама жасап, елімізде кедейшілікті...

Бекжігіт МӘУЛЕНОВ Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter