Елбасы: "Қарулы қарсылық көрсеткен барлық қылмыскерлердің көзін жою керек" (видео)
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Владимир Жұмақановты қабылдады. Бұл туралы мәлімет Ақорданың «туиттердегі» парақшасында жарияланды.
Кездесу барысында төраға Президентке Ақтөбе облысындағы антитеррорлық операцияның осы кезеңге дейінгі нәтижелері туралы баяндады.
ҰҚК төрағасы өз сөзінде қазіргі уақытқа дейін 13 қылмыскердің көзі жойылып, 14-і жараланғанын айтты. Бұдан бөлек, дайындық кезеңінде қылмысқа қатысудан 20 адам бас тартқан, олар анықталып, жауап алынды. Қазіргі кезде 6 адам іздестірілуде. Қолда бар ақпарат бойынша олар Ақтөбе облысының аумағында жүр.
Қазақстан Президенті Ақтөбе облысындағы террористік әрекеттерге қатысы бар адамдарды ұстап, тұтқындау жұмыстарын тиімді түрде жүргізу қажеттігін атап өтті.
– Біз олардың сол өңірде екенін білеміз, жеке бастарына қатысты мәліметтер белгілі, халыққа ескертілді. Қылмыскерлердің бәрін түгел тұтқындау қажет. Қарулы қарсылық көрсеткен жағдайда көздерін жою керек. Барлығы ең қатал жазаға тартылуға тиіс, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
- Ақтөбе лаңкестік
- Ақтөбе терракт
- терроризм
- Нурсултан Назарбаев
- Нұрсұлтан Назарбаев
- Мемлекет басшысы
- президент
- Елбасы
- корерспондент
- қызық ақпарат