ОҚО шегірткелері АШМ-ның масқарасын шығарды
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

ОҚО шегірткелері АШМ-ның масқарасын шығарды

ОҚО шаруалары «Шегірткеге бас ауыртып жатқан шенеуніктер жоқ»,  «Шегірткемен күресуде Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолынан дым келмеуде» деп отыр. Оған себеп те жоқ емес.

 

Ақпанның басында Ақтөбеде өткен жиында Ауыл шаруашылығы министрлігінің  агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің мамандары «Биыл шегірткенің шабуылы жылдағыдан аз болады» деп уәде еткен еді. Тіпті олар биыл шегірткеден зардап шегетін жер көлемін де өлшеп қойған-ды.  Яғни, 2015 жылы шегірткелер 2 миллион 200 гектар жерге таралса, биылғы болжам бойынша бұл көрсеткіш 1 миллион 700 гектардан аспау керек тұғын. Сондай-ақ жауаптылар былтырғыдай сан соғып, өкініп қалмас үшін дайындық шараларын ертерек бастап кеткенін, дернәсілдердің ошағын анықтау үшін алдын ала зерттеу жүргізілгенін, қауіпті аймақтар дер кезінде анықталғанын ауыз толтыра айтқан. Өкінішке қарай, шегірткелер Оңтүстік Қазақстан облысының шаруаларын шырылдатып, тақырға отырғызып кетті. Зиянкес жәндіктің «марокко» деп аталатын түрінен, әсіресе, Шардара, Сарыағаш аудандары мен Арыс қаласының диқандары қатты зардап шегіп отыр. Оған таяуда Ордабасы ауданы қосылды.  

 

Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Оңтүстік Қазақстан облысының аумақтық инспекциясы өсімдіктерді қорғау бөлімінің басшысы Темірхан Елғоновтың айтуынша, былтыр  жүргізілген анықтау-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ОҚО-да 2016 жылы  91440 гектар аумақты марокко шегірткесінің көзін құрту үшін химиялық өңдеуден өткізу болжанған. Ол үшін байланысты республикалық бюджеттен қаржы бөлініп (жерүсті агрегатымен өңдеуге 49 миллион теңге, жеңіл ұшақпен өңдеуге 22 миллион теңге), улы химикаттар сатып алынған. Ал, өңдеу жұмыстары сәуірдің 15-інен басталған. Бүгінде соның 91,21 мың гектары    толығымен өңделіп шығыпты. Алайда нәтиже жоқ. «Шегірткеге қарсы қолданылған препараттардың биологиялық тиімділігі 91-92 пайызды құрады» деген бөлім басшысы проблеманың туындау себебін ауа райына жауып құтылды.

«Үйірлі шегірткелердің пайда болу ошағы саналатын Сарыағаш, Шардара аудандары мен Арыс қаласында кең көлемде химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді. Бірақ ағымдағы жылдың бір ерекшелігі, жарытып қыс болған жоқ. 50 күн бойына қар да, жаңбыр да жаумай, құрғақшылық етек алды. Күн жылып кетті. 28-29 наурыз күндері жауған жылы жаңбыр марокко шегірткесінің дернәсілдерінің ерте оянуына себеп болды. Ал, 1-12 сәуір аралығындағы ауа температурасының күрт төмендеп, жауын-шашынның мол мөлшерде түсуі марокко шегірткесінің дернәсілдерінің шығуын екі толқынға бөліп жіберді. Сондықтан екінші толқындағы дернәсілдер кейінірек шыққандықтан, жайылымдық алқаптардағы шөбі қалың жерлердегі анықтау-зерттеу жұмыстарында кейбір кемшіліктер орын алды»,-дейді Т.Елғонов. Сондай-ақ, бөлім басшысы өз сөзінде шегіртке 19-20 маусымнан бастап жаппай табиғи жойылатынын айтып қалды. Егер шынымен солай болса, онда бюджеттен соңғы бөлінген қаражат желге ұшты деген сөз.  

Аумақтық инспекцияның «Пәленбай гектарды дәріледік» деген есебіне күмәніміз бар. Егер бәрі уақытылы, дер кезінде және толық көлемде жүзеге асырылған болса, шегірткенің көбеюі ықтимал ошақтары о баста жақсылап дәріленген болса, соншама шегіртке қайдан тап болды? Демек, химиялық өңдеу өз деңгейінде жүргізілмеген немесе министрлік бөлген улы химикаттардың шекірткеге тойтарыс беретін қауқары жоқ.  

Аталмыш жайтқа қатысты Ауыл шаруашылығы министрлігінің атқамінерлері жауап беруі тиіс. Бәрін қатырып жатырмыз дегенге ешкім сенбейді. Үлкен ведомствоны басшылыққа алдың ба, мәселені жаба тоқып, құрғақ сөзбен шаруаларды алдай салмай, проблемалармен жүйелі түрде айналысу керек. Оңтүстікті пәлен жыл басқарған, бүгінде елдің бас агрономы атанып отырған министр Мырзахметовтың шегіртке мәселесінен түк хабары жоқ дей алмайсыз. Ол әкім болып тұрғанда шегіртке талай жанын қинағаны есімізде. Енді осымен тікелей айналысатын кезде қолды кеш сермей беруге болмас. Себебі Асқар Мырзахметовке Елбасы тарапынан, үкіметтен «Тек Жер кодексін түсіндірумен ғана айналыс, қалғанын былай қоя сал» деп тапсырма берілмегені түсінікті. Қалай болғанда да бұл саланы бес бармағындай жақсы білетін Мырзахметов министр бола сала осы мәселеге кіріскенде, ОҚО шаруалары бұлайша зар иеліп отырмас па еді?..

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Эстрададағы ұрылар

Бүгінде хитшерудің ондығын күн сайын жаңалап отыруға болады. Ән де көп, әнші де көп. Көптер көбейе түскен сайын бәсеке де басым. Хит етсем деген әншілердің әні неге қит етсе «ұрлықы» боп шыға береді? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Мәдениет

Әкім қандай болуы керек: «хозяйственник» әлде саясаткер?

«Қазақстан билігіндегі кадрлық саясат ашық-жарқын жүргізіледі және ол елдің бәріне бірдей түсінікті сипатқа ие» десеңіз, қателесесіз. Мысалы, қалың бұқара облыс тұрмақ аудан әкімдерінің нендей критери...

Тұтқабай ФАЗЫЛБЕК Саясат

«Түрік пен Үндінің сериалдары неврозға шалдықтырады» деп жүргенде, қазақтың сериалдары жындыханаға түсіріп жүрмесін...

Келесі жылдан бастап шетелдік сериалдар қазақстандық телеарналарда көрсетілмеуі мүмкін. Алайда, көгілдір экраннан түріктің, кәрістің, үндінің сериалдарын алып тастаған күнде талғажау етер тың туындыла...

Мақпал ТӨРЕБЕК Мәдениет

Бизнестің тамырына балта шапқан – тендер

Отандық бизнестің дамуына кедергі жасайтын факторлар жетіп артылады. Соның ішінде мына бір кедергі жайлы көп айтыла бермейді. Ол – тендер. Әрине, бизнесті дамыту үшін ойлап табылған мемлекеттік тапсыр...

Жан КЕНЖЕ Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter