ОҚО-да 25 жылда 1046 нысан салынған
Тәуелсіздік алған жылдар ішінде Оңтүстік Қазақстан облысында 1046 нысан пайдалануға берілді. Бұл туралы ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық құрылыс басқармасының басшысы Салыхан Полатов мәлімдеді, деп хабарлайды ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.
Оның айтуынша, Қазақстан Тәуелсіздігі жылдарында, яғни 1991-2015 жылдар ішінде облыста мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен 1046 нысанның құрылысы жүргізілген. Атап айтқанда, білім саласында 519, денсаулық сақтау саласында 348, әлеуметтік қамту саласында 8, спорт саласында 22, мәдениет саласында 22, мемлекеттік орган саласында 20 және өзгеде салаларда 127 нысанның құрылысы жүргізіліп, пайдалануға тапсырылған.
Мемлекет тарапынан әлеуметтік нысандарға аса көңіл бөлініп отырғанын айтқан басқарма басшысы 2009-2014 жылдарында «100 мектеп, 100 аурухана салу» бағдарламасы аясында облыста 48 нысанның (мектеп-39, аурухана-9) құрылысы жүргізіліп, толық аяқталғанын. Ал «350 ДА, ФАП және емхана салу» жобасы бойынша жалпы 57 денсаулық сақтау нысаны салынып пайдалануға (1-емхана, 39-дәрігерлік амбулатория, 17-ФАП) берілгенін айтты.
Сондай-ақ, брифингте мәлім болғандай осы жылы облыста сомасы 44,6 млрд. теңге болатын 131 нысанның құрылыс жұмыстары жүруде. Оның 78-і жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде.
«Елбасының бастамасымен 2015 жылы халықтың әл ауқатын арттыру, өңірлерді дамыту мақсатында «Нұрлы Жол» бағдарламасы іске қосылған болатын. Бағдарлама шеңберінде облысымызға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан барлығы 36 нысанға 18 537,7 млн.теңге. көлемінде қаржы қаралған. Оның ішінде - 1 нысан жатақхана құрылысы болса, 11 нысан инфрақұрылымдар құрылысы болып отыр. Ал 24 нысан апатты және үш ауысымды мектептер мен балабақшар салуға бөлініп отыр»,- деді С.Полатов.
- ОҚО
- ЮКО
- ОҚО құрылыс
- құрылыс нысандары
- Корреспондент
- қызық ақпарат