ОҚО-да ақынның әйелі салафиттерге қарсы шығу керектігін айтып дабыл қақты
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

ОҚО-да ақынның әйелі салафиттерге қарсы шығу керектігін айтып дабыл қақты

Фото: gonzo.kz

«Хабардың» бұрынғы тілшісі, ақын Ақберен Елгезектің жары Дина Елгезек Ақтөбедегі орын алған лаңкестік әрекеттен соң елдегі жағдайға алаңдатушылық білдіріп отыр. Салафиттік ағымнан келетін қатерден қауіптенген ол әлдекімдердің «бізге тиіспеңдер» деген сынды Ақордаға жазып жатқан хатын да мысалға келтіріп, жұртшылықты оларға қарсы шығуға шақырды. Бұл туралы ойын Дина Елгезек фэйсбуктағы парақшасында жазды.

 

«Мынау жырау бүкіл қазақтың жігіттерін құртты-ау... Дәстүрлі дініміздің діңгегін шайқады! Қаншама жастың санасын улады! Бет ажары ашық қыздарға арабтың дәстүрлі киімін кигізіп, қарамен тұмшалап қойды! Ақордаға "умеренный салафитпыз, бізге тиіспеңдер" деп өкіртіп xат жазып жатқан көрінеді. Террористер "умеренный немесе не умеренный" боп бөлінбейді!
Қымбаттыларым, олар қатты жұмыс істеп жатыр екен сәләфилік ағымға шектеу қоймауға»,- деп ашынған журналист.

«Аянып қалмайықшы біз де! Қаупін жаза түсейік бәріміз! Біздің бабаларымыз бен өмірден өткен жақындарымыздың әруағын қорлатып қоюға мұрсат бермейік! Жеке-жеке пост жазайық! Бір емес, миллион пост! Қазақ үшін қайырлы бір діни жол бар! Ол - дәстүрлі өз дініміз! Тұнығымызды лайлатпайық!»» деген жазба қалдырды автор. Әрине, бұл желі қолданушыларының қос қолдаған қолдауына ие болды. Тіпті басым көпшілігі Ақорданың енді мұндай хатқа сене қоймайтынына үміт артқан. Араларында журналистің «жырау» деп меңзеген адамын «Бекболат Тілеухан» деп болжамдағандары да бар. Ал енді бірі «"Умеренный салафиттен" уверенный террорист өсіп шығады! Арам шөптің басына дақыл шықпай тұрғанда құрту керек!» деп пікір қалдырды.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.

Пікірлер  

Кайсар
+1 Кайсар 11.06.2016 13:42
Ештеңе де шықпайды. Бекболат пен Мұхаммеджан президентті мақтап-мақтап сеніміне кіріп алған, қолдары ұзын. Олардан тіпті орталық мешіт имамдары да қорқады. Салафиттерге де ештеңе болмайды. Сәл тынышталып қалады да кейін бұдан да көбейеді. Елбасыдан кейін үкіметті осылар басып алады. Босқа қарсы боламыз деп, Саят Ыбырай сияқты сотталып кетесіңдер.
Жауап беру
Наверх

Басқа бас мақалалар

«Шардарада «нормальный» қонақ үй жоқ»

Таяуда шағалалы Шардараға ат басын бұрған атынан бүкіл елдің аты үркитін бір дөкей «Мына жерде «нормальный» қонақ үй жоқ екен ғой» деп, сонау 100 шақырымнан асатын жердегі Сарыағашқа барып, қонып қайт...

Korrespondent.kz Қоғам

Ауылдарда наша шегетіндер көбейіп барады

Ауылдың азып-тозып бара жатқанына алаңдамайтын адам жоқ шығар. Бірен-саран жекелеген үйлердің жаңарғаны болмаса, мәдениет ошақтарынан мән кетті. Көшелері шұрқ-тесік болып, кейбір ауылдардан шіліңгір ш...

Аман ЖАЙЫМБЕТОВ Қоғам

Колхозная көшесі қашанғы «колхозбайдың» күйін кешеді, Мақұлбаев мырза?

Кентау - көрікті қала. Кеншілер мекені бір замандарда өзінің әдемілігімен, тазалығымен әйгілі болған еді. Ірі-ірі өндіріс орындары бар шағын қала, шыны керек, кешегі тоқырау жылдары сәл-пәл тоқырап қа...

Аман ЖАЙЫМБЕТОВ Қоғам

Күнгейден күліп барғандар күрсініп отыр

Әдетте ауылдағы халық тек Алматы мен Астанаға, әрі кеткенде облыс орталығына көшіп жатады. Онда да табыс тауып, отбасын асырау үшін ғана, уақытша барады. Өткен жылдан бері оңтүстіктегі халықты солтүст...

Жан КЕНЖЕ Қоғам

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter