Ертең, 9 маусым - Қазақстан үшін қаралы күн
Қазақстанда 9 маусым күні жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Мемлекет басшысының өзі ел тұрғындарына жасаған мәлімдемесінде атап өтті.
«Мен қайтыс болғандардың отбасыларына, туыс-туғандарына шын жүрегіммен көңіл айтамын. Қаза тапқан әскери қызметкерлер отан алдындағы антына адал болып, ел қауіпсіздігі жолында өшпес ерлік көрсетті. Олардың ерліктері мемлекет тарапынан лайықты бағаланатын болады. Оның үстіне 4 азамат қайтыс болды, бәрі Ақтөбенің тұрғындары. Сондықтан, мен ертеңгі бейсенбі, 9 маусым күнін Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаймын»,-деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысының бұл мәлімдемесі Ақорданың ресми сайтында жарияланды.
Айта кетейік, өткен жексенбіде, яғни, 5 маусым күні Ақтөбе терактілік шабуыл болды. Осы жағдайдан соң еліміз бойынша 40 күнге созылатын террорлық әрекеттің «сары» жүйесі енгізілді.
- траур
- қаралы күн
- ұлттық аза тұту күні
- Ақтөбе
- лаңкестік
- теракт
- Корреспондент
- қызық ақпарат