Ақтөбеде терактіге дейін қаруланғандар туралы естіген учаскелік полицейлер қол қусырып отыра берген
Ақтөбеде лаңкестік оқиға басталмай тұрып тұрғындар онға жуық адамның қарумен жүгіріп келе жатқанын көріп, полиция қызметіне хабарласқан. Байланысу мүмкін болмаған соң учаскелік полицейге хабар береді. Алайда шенділер ешқандай әрекет жасамаған. Бір қызығы атыстан кейін де учаскелік полицейлер қарасын көрсетпепті. Бұл туралы NUR.KZ порталы жазды.
"Паллада" қару-жарақ дүкенінің алдында атыстың қалай басталғанын тұрғындар айтып берді.
"Сол күні аулада 7-8 адамның үлкен қарумен жүгіріп келе жатқанын көрдік. 102 телефонына хабарласып, ала алмадық. Тезірек əрекет етсін деп учаскелік полицияға хабарластық. Ол 102 телефонына хабарласыңдар деп тұтқаны тастай салды. Ешқандай əрекет жасамады. Учаскелік полиция бізге не үшін керек? Осы жағдай болғаннан кейін де ол бізге келген емес",- дейді оқиғаны көзімен көрген тұрғын Лариса Драбовская.
Тұрғындар қазір қару сақталған дүкеннің үстінде қорқынышпен отырғандарын айтады.
"Біз оттың үстінде отырмыз. Қаншама қару-жарақ, атылғыш заттар сақталған дүкеннің үстінде жүздеген адам тұрып жатыр. Əскерилерді тал түсте қырып салған лаңкестерге қарсы тұра алмағандар біздің қауіпсіздігімізді қалай қорғайын деп отыр? ",- дейді тұрғын.
Ақтөбенің қақ ортасындағы қару-жарақ дүкенінде тұрып жатқандар бұл дүкеннің алдап салынғанын айтады.
"Осы "Паллада"салынар кезде бізге шаруашылық дүкені салынатынын айтты. Оның төбесіне "қару-жарақ дүкені" деп ілінгенде бірнеше жерге арыз жаздық. Əкімшілік, жергілікті билік мəн біріп те қараған жоқ", - дейді Лариса Драбовская.
Қара жамылған келіншектерін ерткен сақалдылар сол ауданнан "халал" дүкен де ашқысы келген.
"Паллада" ашылғаннан кейін осы жерде сақалдылар қаптап кетті. Жертөлеге "халал" дүкен ашатындарын айтты. Барлық тұрғындар бірден қарсы шығып, митинг жасадық. Ақыры салғызған жоқпыз", - деген тұрғын өзінің әлі қорқынышпен жүргенін айтты.
NUR.KZ тілшісі осы жайтқа қатысты полицейлердің пікірін сұраған. Алайда, олар қаладағы жағдайға байланысты сұраққа жауап беруден бас тартты.
- Ақтөбе
- лаңкестік әрекет
- теракт
- терроримз
- Ақтөбедегі атыс
- шабуыл
- Бердібек Сапарбаев
- Корреспондент
- қызық ақпарат