Монша ішіндегі әңгіме
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Монша ішіндегі әңгіме

Күдікті – бөлім басшысы

Жаңа оқу жылында тағайындалған бір ауданның №1 мұғалімі өз «саясатын» жүргіземін деп жүріп кейбіреулерге жақпай қалыпты. Жақпағаны сол, қит етсе білім бөлімін кінәлап шыға келетіндер таяуда болған келеңсіз жағдайға да бас мұғалімді кінәлап жүрген көрінеді.

Газға деп бөлінген ақша «адасып» кетіпті

Оңтүстіктегі курортты аудандардың бірінде көгілдір отынға деп бөлінген ақша «адасып», басқа мақсатқа жаратылып кетіпті. Биылғы жылдың соңына дейін көмір жағудан құтыламыз деп отырған ауыл тұрғындары бұл жайсыз хабардан кейін ауданның №1 басшысына деген өкпесі қара қазандай болып, оны қалайда құртудың амалдарын қарастырып жүр екен.

Кімнің иегі көбірек қышып жүр?

«Нұр Отанның» облыстағы филиалына «первый зам» болу да екінің біріне бұйыра бермейді. Таяуда болған әкім тағайындаудан кейін ОҚО-дағы осы бір жайлы кресло босап қалды. Төрағаның 1-орынбасары болуға таласып жүргендер бүгінде «жарыс жолына» түсіп кетіпті.

«Арақты «баклашкамен» ішіңдер...»

Таяуда Оңтүстіктегі телегей теңізі болмаса да, сауық құруға таптырмайтын алып су қоймасы бар ауданға әкім тағайындалды. Біразырақ уақыт басиесіз тұрған ауданның экс-әкімі жағажайдағы жағымсыз жағдайдан кейін, яғни жұмыс уақытында алкогольдік ішімдік ішіп, оның соңы өзара төбелеске ұласып, бір-бірін арақтың бөтелкесімен ұрып, бірінің басы жарылған соң, әкім көп ұзамай жылы орнын босатып, жұмыстан кетуге мәжбүр болған еді.

«Сені пәлен театрға директор етіп тағайындаймын...»

Түнеугүні ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев әкімдік мәжілісінде бірқатар облыстық басқарламалардың жұмысына көңілі толмай, қынжылып еді ғой. Арасында Мәдениет басқармасының басшысы Нұрболат Ахметжанов та бар. Аталмыш саладағы біраз кемшіліктерді тілге тиек еткен өңір басшысы бұл бағыттағы шаруаларды кішкене жүрекпен жасау керектігін ескерткен-ді.

Астана жақсы ғой, бірақ Оңтүстікті аңсайтындар бар

Бір кездері Оңтүстікте мемлекеттік қызметтегі біраз лауазымдардың құлағын ұстап, кейін бағы шапты ма, әлде бабы шапты ма, кім білсін, Арқа төріне қарай жылжуды құп көріп, орталық органдарда тәп-тәуір қызметтер атқарған бір кісі туған топырағына оралғысы келіп жүр екен.

Құлаған көпір сыйақылардың есебінен тұрғызыла ма?

Қарашаның ортасында Астанадағы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне арнап салынып жатқан екі ғимараттың арасындағы көпір құлап еді ғой. Және сол тұста құрылысты «BI Group» компаниясы жүргізіп жатқаны, сондай-ақ нысан әлі қабылданып алынбағандықтан, оны мердігер мекеме өз есебінен қалпына келтіруі тиістігі де айтылған-ды.

Қ.Айтөреев Шардараға қайта бара ма?

Қаншалықты рас, өтірігін қайдам, ел аузында «Хатшылықтан босаған ОҚО мәслихатының депутаты Қамытбек Айтөреев бұрынғы лауазымын аңсайтын көрінеді. Оның үстіне Шардара ауданы әкімінің орны да біраздан бері бос тұр, соған тағайындалуға қам-қарекеті бар сияқты» деген әңгіме жүр.

Қ.Айтахановтың орнынан талайлар дәмелі-міс

«Киелі орынның бос тұрмайтыны» рас. Оңтүстік Қазақстандағы бірер ай бос тұрған облыстық мәслихат хатшысы лауазымы өз иесін тапты. Жайлы креслоға танымал кәсіпкер депутат Қайрат Балабиев жайғасты. Иә, Шардарадағы шатаққа байланысты Қ.Айтөреев босағаннан кейін «Ендігі хатшы кім болады?» деген тұрғыда жалпақ жұрт біраз сәуегейлік жасағаны – есімізде.

Қыста отырғызылған ағаштар алаңдатады

Биыл Оңтүстікке қыс ерте түсті. Қазан айының ішінде-ақ екі мәрте қар жауып үлгерді. Ал қазір төңіректің бәрі – ақ қар, көк мұз. Алайда Шымкент қаласын көгалдандыруға «непогода» түк те кедергі келтірмейтін сияқты. Жаппай ағаш отырғызу науқаны басталып кетті.

Басқа бас мақалалар

БАҚ: Баян Есентаева күйеуімен ажыраспақ болған

Күйеуі сабап қана қоймай, пышақтап, пышақ жарақатын алып ауруханадан бір-ақ шыққан Баян Есентаева жолдасының көзіне шөп салған болуы мүмкін.  NewTimes.kz ақпараттық агенттігі  WhatsApp арқылы таралып ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Әскерде "асылып өлді" деген сарбаздың мойны үзіліп, басы жарылып, денесі тігілген болып шықты

Ақмола облысынан әскерге аттанған сарбаз үйіне табытпен оралды. Жамбыл облысы, Отардағы бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт казарма ішінде асылып өлген. Бірақ, бұл мәйітті туған жеріне әк...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған бойжеткен өзіне қол салды

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Korrespondent.kz Оқиғалар

«Дипломмен ауылға» барғандарға не береді?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайтуға қаншалықты үлес қосуда? Қаладан шалғай орналасқан елдімекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма? ...

Мақпал ТӨРЕБЕК Экономика

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter