8 жылын жындыханада өткізген Маржан Тұрлыбаева бостандыққа шығатын болды
Өмірінің соңына дейін Түркістандағы жындыханаға жабылған Маржан Тұрлыбаева бостандыққа шығатын болды. Күрмеуі күрделенген көкейтесті мәселеге нүкте қойылды. Осыдан бір жыл бұрын көмек сұраған бойжеткеннің жанайқайын жұртшылыққа жеткізіп, талай былықтың бетін ашуға себепкер болдық. Қыздың тағдырын ойыншыққа айналдырғандарды жазалауды сұранып, құзырлылардың табалдырығын да тоздырдық. Еткен еңбек еш кетпей, Маржан Тұрлыбаеваға осы күнге дейін қойылған диагнозы расталмай, сау екенін дәлелденді. Бұл туралы шымкенттік журналист Гүлжан Байназарова хабарлады.