Әйелін әуежайдан пышақпен күтіп алған Бақытбек Есентаев 7 жылға сотталуы мүмкін
Талғар аудандық сотының судьясы Ілияс Мұхаділұлы танымал продюсер Баян Есентаеваның күйеуі Бақытбек Есентаевты екі айға дейін қамауға алу жөнінде шешім шығарды. Оның үстінен ҚР ҚК 21-бабы 2-бөлімі және 99-бабы бойынша (адам денсаулығына зиян келтіру және өміріне қастандық ойлау) баптары бойынша іс қозғалды. Мамандардың айтуынша, Есентаев 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.
Басқа ақпарат тергеуге қатысты жария етілмейді. Белгілісі, продюсерді Алматы әуежайынан күтіп алу үшін күйеуі Бақытбек жиен інісі екеуі Chevrolet Cruzeкөлігімен барған. Ол қатты мас болғандықтан көлікті жиен інісі жүргізген. Бақытбек Есентаев әуежайға суық қару алып барған. Баян Мақсатқызын күтіп алған бойы күйеуі оны жұлқылап, көлікке отырғызып, сабаған. Біраз уақыт өктен соң інісін көліктен түсіріп жіберіп, әйелін пышақтай бастайды. Бұл кезде Есентаевтың туысы ерлі-зайыптылардың үлкен қызы Айсәулеге хабарласып, мән-жайды жеткізіпті. Оқиға орнына дереу жеткен Айсәуле Бақытбек ата-анасын ажыратып алады. Айта кетейік, 10 маусым күні күндізгі уақытта танымал продюсер ауыр халде Талғар аудандық ауруханасына түсті. Ол бас сүйегінен жарақат алып, мұрны сынған. Сонымен қатар ішінен пышақ жарақатын алған.
- Баян Есентаева
- Бакытбек Есентаев
- Бақытбек Есентаев
- Айсәуле Бақытбек
- Айару Бақытбек
- шоу бизнес
- Корреспондент
- қызық ақпарат