ОҚО-да полицейге оқ атқан азамат құрықталды
Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері өз әріптестеріне оқ жаудырған азаматты құрықтады, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Оқиға үстіміздегі жылдың 31 мамыр күні Төлеби ауданында орын алған болатын.Жедел-іздестіру шара барысында Ленгір-Жаңакүш тас жолына жақынорналасқан орманда мал ұрлығына қатысты күдіктіні ұстауда белгісіз азамат полицейге қарай оқ жаудырып, белгісіз бағытқа жасырынған. Салдарынан Төлеби аудандық ІІБ жедел уәкілі, 1983 жылы дүниеге келген полиция майоры Спандияр Темірбеков аяқ тұсынан жарақат алып, аудандық аурухананың жан сақтау бөлімінен бір-ақ шықты. Оң жақ жамбасынан бірнеше оқ жарақатын алған полицейге дәрігерлер ота жасады.
Аталған жайт аудандық бөлімнің СДТТБТ тіркеліп ҚР ҚК 380-бабымен «Билік өкіліне қатысты күш қолдану» қылмыстық іс қозғалды.
Апта өткен соң, полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шарасын жүргізіп, 1968 жылы туған Шымкент қаласының тұрғыны, бірнеше рет мал ұрлығы бойынша сотты болған азаматты құрықтады. Күдікті кінәсін толық мойындады.
Оның үйін тінту кезінде айғақты зат ретінде 16 калибрлі аңшы шолақ мылтығы тәркіленді. Бұл жайт бойынша «Ұрлық» және «Билік өкіліне қатысты күш қолдану» баптары бойынша іс қозғалды. Сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары күдіктінің қылмысқа қатысты сыбайласын анықтау үшін қосымша шаралар атқарып жатыр.
- ОҚО
- ЮКО
- ДВД ЮКО
- ОҚО ІІД
- полицейлер
- барымташы
- Корреспондент
- қызық ақпарат