Астананың бас мұғалімі қолына дипломын ала сала мектеп директор болған
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Астананың бас мұғалімі қолына дипломын ала сала мектеп директор болған

Фото: inform.kz

Астана қалалық білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыевты жұлдызын жанған шенеунік деуге болады. Себебі ол жоғары оқу орнының дипломын ала салып, мектепке директоры болып тағайындалған. Ал дипломсыз жүріп, бірнеше мектепте мұғалім боп та жұмыс істеген көрінеді. Мұндай мәлімет аталған басқарманың ресми сайтында көрсетілген, деп жазды SKIFNEWS.KZ.

 

Сайтта көрсетілген мәліметке сенсек, бас педагог жоғарғы оқу орнын 2007 жылы бітіріпті. Алғашында ол Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін «бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру» мамандығы бойынша тәмамдаған. Мұнан кейін араға небәрі бір жыл уақыт салып, Астанадағы №21 орта мектепке директор болып тағайындалған. Бұл аралықта ол жеке секторда жұмыс істеген екен. Осы кезден бастап оның қызметтегі өрлеуі басталыпты. Алдымен Астанадағы №49 мектепке директор болып ауысса (2011 жыл), 2013 жылдан бастап білім басқармасы басшысының орынбасары, 2016 жылдың қаңтарынан бастап Астанадағы "Алматы" ауданы әкімінің орынбасары, 2 маусымнан бастап Білім басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды.

Айта кететін тағы бір жайт, 2009 жылы Қ.Сенғазыев екінші дипломын қорғап, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдады. Бірақ, екі дипломын да ол жұмыс істеп жүріп алған. Соған қарағанда, басқарма басшысы ЖОО-ны сырттай оқыған болуы мүмкін.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.

Пікірлер  

Мира
+1 Мира 14.06.2016 08:54
11 мыңнан аса мұғалімі бар, жоғары санатын бірнеше рет растаған тәжірибелі 50-70% педагогі бар, түрлі нысандағы 100-ден аса мектебі бар Астанада практикасы шыңдалған, мектепке жаны ашитын, жағдайын білетін адам табылмағаны өкінішті. Ұрпақ тәрбиесі - үйіңдегі 2-3 баланың материалдық жағдайын жасау емес. Жауапты жұмыс. Басқа-басқа, ұрпақ тәрбиесін - қалауын тапса, қар жандыруға болмайды.
Жауап беру
Данияр
+1 Данияр 14.06.2016 10:06
акшан болса кокен болса жогарыда отырган онда турган ештене жоок жаналык емес казакстан ушин
Жауап беру
Бахыт
+1 Бахыт 14.06.2016 17:31
Балаларға обал ғой! Біліктілік 10 пайыз талант, 90 пайыз тажірибеден тұрады.
Тәжірибесіз адам қанша талантты болса да білікті басшы бола алмайды!
Жауап беру
Наверх

Басқа бас мақалалар

Астаналық бойдақ жігіт Баян Есентаеваға үйленуге дайын екенін айтты

Танымал продюсер Баян Есентаева оқиғасы елді есеңгіретіп, көптің талқысына түскен еді. Бүгінде ауруханада жатқан продюсердің амандығын тілеушілер саны күн санап артуда. Нұрталап Пердебек есімді астан...

Korrespondent.kz Қоғам

Атышулы блогер Шымкенттің бас тәртіп сақшысын ауруға теңеді

Құрылғанына көп уақыт өте қоймаған Шымкенттегі жергілікті полиция қызметіндегілердің жұмысы тұрғындар тарапынан жоғары бағаланып, елдің алғысына ие болып үлгерген болатын. Аталған мекеме құрыла жергіл...

Korrespondent.kz Қоғам

Баян Есентаева сенбі күні ауруханадан шығарылуы мүмкін

Жуырда күйеуінен зәбір көріп, жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан танымал продюсер әрі тележүргізуші Баян Есентаеваның жағдайы жақсара бастады. Дәрігерлердің айтуынша, науқасты ешкім мазаламас үшін он...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Астана тұрғыны жаңа әжетхананың ашылуына қала әкімі Жақсыбеков келеді деген сенімде

Астаналық тұрғын Азамат Көшенов бас қаладағы Жастар сарайы маңында жаңа әжетхананың ашылуы болатынын айтып, көпшіліктен сүйінші сұрады. Тіпті ол дәрет сындыратын орынның ашылуына әкімнің өзі қатысатын...

Korrespondent.kz Қоғам

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter