Жыл басынан бері Оңтүстік Қазақстанда 15 спортшы әлем чемпионы атанды
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Жыл басынан бері Оңтүстік Қазақстанда 15 спортшы әлем чемпионы атанды

Фото: www.sports.kz

Оңтүстік Қазақстан облысының спортшылары жыл басынан бері әлем чемпионаттары мен кубоктарына қатысып, 15 алтын, 8 күміс, 6 қола медаль жеңіп алды. Одан өзге сорт саңлақтары  2016 жылдың 5 айында Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен біріншіліктеріне қатысып, 361 алтын, 360 күміс, 344 қола медальға қол жеткізсе, Азия чемпионаттарында 13 алтын, 14 күміс және 16 қола медальге ие болды. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

 

Тағы бір айта кетерлігі, жыл басынан бері  облыста 13 халықаралық дәрежедегі, 55  Қазақстан Республикасының спорт шеберлері мен 317 спорт шеберіне үміткер дайындалды. Жалпы облыста 59 (36 олимпиадалық, 23 олимпиадалық емес) спорт түрлері дамытылуда. Ал облыста 5193 спорт нысандары халыққа сапалы қызмет көрсетіп келеді. Айта кетейік, осы жылы Рио-де-Жанейро қаласында (Бразилия) өтетін жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға бүгінде облыс спортшылары 17 жолдама жеңіп алып отыр.

 

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Error: No articles to display

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  DivideGroup — сайт әзірлеуші

  

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter