Таңғы атыста оққа ұшқан лаңкес Таңатаров ауруханада жан тапсырды
Бүгін таңертең Ақтөбенің ескі бөлігінде орналасқан Некрасов көшесі қоршауға алынды. Дәл осы жердегі атыс кезінде терактідеге қатысы бар деген лаңкестердің бірі Дмитрий Таңатаров жараланды. Оған кеуде тұсы мен аяғына бірнеше жерден оқ тиген. Лаңкес сағат 8:30-да ауруханаға жеткізілген. Алайда бірнеше сағат өткен соң Таңатаров жан сақтау бөлімінде көз жұмды. Бүгін болған қарулы қақтығыс кезінде 2 полиция қызметкері жараланып, Темір жол ауруханасында жедел көмек берілді.
Айта кетейік, 5 маусым күні Ақтөбеде орын алған террорлық әрекетке қатысы бар лаңкестер тізімінде Дмитрий Таңатаровтың та есімі бар. Алайда ол бұл оқиғадан соң қашып, Некрасов көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің біріндегі жалдамалы пәтерде жасырынған. Күні кеше лаңкестің бауыры Владимир "Одноклассники" әлеуметтік желісі арқылы іздеуде жүрген ағасына видео үндеу жолдаған болатын.
"Дима, барлығы сені уайымдап жатыр. Таня әпкең уайымдап жатыр, жүрегі ауырып жатыр. Барлығымыз сені жақсы көреміз. Сені ренжіткен болсақ, кешірші бізді. Саған әрқашан жақсылық пен бақыт тіледік. (...) Сен үшін көп адам құдайдан медет сұрап отыр. Өтінемін, өз ісіңе өкініп, берілші. Қарудан бас тарт, таста. Жаныңдағылардың барлығынан қаруды тастауын сұрашы. Беріліңдер", - деп айтты лаңкестің бауыры.
- Ақтөбе
- теракт
- терроризм
- лаңкестік әрекет
- шабуыл
- қаскөй
- лаңкес
- корерспондент
- қызық ақпарат