Қостанайлық кәсіпкер "Тобол" клубын небәрі 20 мың теңгеге сатып алды
Қостанайлық тұрғын «Тобол» баскетбол клубын небәрі 20 мың теңгеге сатып алды. Клуб аукцион арқылы сатылымға қойылған.
Спорттың клубтың сатылымға шыққаны және жекенің меншігіне өткені туралы ақпарат жарияланған сайттағы фотода үстел мен орындықтар ғана клуб мүлкі екенін байқауға болады.
«Тоболдың» мұндай арзан бағаға сатылуына өзіндік себеп те жоқ емес. Негізінен аталған клуб алғаш рет 6 сәуірде сатылымға қойылыпты. Бірақ, бағасы тым шарықтағандықтан сатып алушылар табылмаған. Ал 30 сәуір күні клуб құны 50 пайызға кеміп, тағы да сатылымға шығарылыпты. Ол кезде де оған қызығушылық танытқандар табылмаған. Жекешелендіру талаптарына сәйкес үшінші рет нысан голландиялық әдіспен өткізілген. Нәтижесінде «Тобол» баскетбол клубы 19 287,56 теңгеге сатылып кетті. Сатып алушы жеке кәсіпкер. Заңға сәйкес оның аты-жөні жария етілмейді.
- Тобол
- клуб Тобол
- костанайский клуб Тобол
- спорт
- аукцион
- спортивный клуб
- баскетбол
- Корреспондент
- қызық ақпарат