Назарбаевтың жиен немересі Айсұлтан әке атанды
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жиен немересі Айсұлтан Назарбаев әке атанды. Бұл қуанышын Айсұлтанның өзі көпшілікпен бөлісіп, фэйсбуктағы парақшасында жазды.
"Достар, менің өмірімдегі ең қуанышты оқиға орын алды және мен бұл қуанышымды сіздермен бөліскім келеді. Кеше түнде менің сүйікті жарым маған қыз баланы дүниеге алып келді. Алғашқы перзентті күту деген сезімге ешқандай сезім тең келмейді. Бұл ғажап, Жаратушының берген сыйы, сол үшін менің алғысым шексіз.
Белгілі себептермен, бұл жайында алдын ала хабарлағым келген жоқ. Өзге адамдар секілді мен үшін де өмірдегі ең басты құндылық отбасы болып қала бермек. Ал өзгелер үшін ондай болмаса, әрине, өкінішті.
Аллаға шүкір, бұл күн де келді. Өмірге ару қыз келді", - деп жазды Президенттің жиен немересі.
Ақпарат ретінда айтар болсақ, Айсұлтан Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлының үлкен қызы Дариғаның екінші баласы. Айсұлтан Рахатұлы 2013 жылдың 31 тамызында бизнесмен Қайрат Боранбаевтың қызы Әлима Боранбаеваға үйленген.
- Айсултан Назарбаев
- Айсұлтан Назарбаев
- Мемелкет басшысы
- Алима Боранбаева
- Әлима Боранбаева
- Нұрсұлтан Назарбаев
- Нурсултан Назарбаев
- Дариға Назарбаева
- Дарига Назарбаева
- корерспондент
- қызық ақпарат