Төлешов ОҚО-дағы ауданда жаппай "көтеріліс" ұйымдастырғысы келген
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Төлешов ОҚО-дағы ауданда жаппай "көтеріліс" ұйымдастырғысы келген

Фото: www.4goroda.kz

Шымкенттік танымал кәсіпкер Тоқтар Төлешов ағымдағы жылдың мамыр айында Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданында жаппай тәртіпсіздік шарасын ұйымдастырғысы келген. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап  Tengrinews.kz хабарлады.

 

Бас прокуратурадағы баспасөз мәслихатында ҰҚК баспасөз қызметінің өкілі Руслан ҚарасевТөлешовтің ісі бойынша ұсталған сыбайластар жайлы айтты.

"Наразылық акциялары бұдан ерте болуы керек еді, бұл мәлімет расталды. Алайда Төлешовтің ұсталуына байланысты мерзім кейін өздігінен жылжыды. Наразылық акцияларын ұйымдастырғандар ұсталды. Тергеу органдары құпия түрде жүзеге асырылған наразылық акцияларын қаржыландыру бойынша анықтау жұмыстарын Қазақстанның басқа өңірлерінде де жүргізіп жатыр. Төлешов болса тергеу изоляторында болып-ақ елде қалыптасқан жағдайды қолданғысы келген және 2016 жылдың мамырында Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сарыағаш қаласында жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырғысы келді. Төлешов өз жоспарын жүзеге асыру үшін бұрынғы жоғары лауазымды тұлғаларды, құқық қорғау органдарындағы бұрынғы лауазымды тұлғаларды, сонымен қатар елдің Қарулы күштерінің кейбір қолбасшылығындағы адамдарды жақтастарын іздестірген", - деп мәлімдеді комитет өкілі.

Оның айтуынша, ҰҚК органдары схрондар мен құпия орындардан қару-жарақ, оқ дәрі және жарылғыш заттарды тәркіледі. Бұл заттарды Төлешов мырза өзінің қылмыстық әрекеттерін жүзеге асыруда қолданғысы келген.

Айта кетейік, өткен сенбі-жексенбі күндері Астана, Алматы және Шымкент қалаларында Ұлттық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері Төлешовтің бірқатар сыбайласын ұстады. Олардың ішінде Қазақстанның Бас прокурорының бұрынғы бірінші орынбасары, ҚР Конституциялық кеңесінің бұрынғы мүшесі, екінші класстағы мемлекеттік әділет кеңесшісі Ілияс Бақтыбаев, ОҚО ІІД бұрынғы басшысы, ОҚО ІІД басшысының бұрынғы орынбасары, генерал-майор Хабратолла Досқалиев, ОҚО ІІД басшысының бұрынғы бірінші орынбасары Сәкен Айтбеков, ҚР Қорғаныс министрлігінің Оңтүстік өңірлік қолбасшылығының 35 848 және 55 652 әскери бөлімдерінің командирлері Бекзат Жумин мен Қайрат Пернебаевтар бар. Аты аталған азаматтар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Ақтөбеде терактіге дейін қаруланғандар туралы естіген учаскелік полицейлер қол қусырып отыра берген

Ақтөбеде лаңкестік оқиға басталмай тұрып тұрғындар онға жуық адамның қарумен жүгіріп келе жатқанын көріп, полиция қызметіне хабарласқан. Байланысу мүмкін болмаған соң учаскелік полицейге хабар береді...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Павлодар полицейлері көшеде интимдік қатынас жасап, еш қымсынбаған жұпты ұстады (видео 18+)

Павлодар полицейлері тура көшенің бойында бір-бірімен аймаласып, интимдік қатынаста тұрған жұптың кімдер екенін анықталды. Олар 25 және 18 жастағы жергілікті тұрғындар болып шықты. ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Ақтөбедегі атыста қаза тапқан ОҚО сарбазы туған жерінде жерленді

Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары Ақтөбе қаласында орын алған лаңкестік оқиға барысында қаза болған оңтүстікқазақстандық жауынгер Досбол Сапарды ақтық сапарға шығарып салды. Қаскөйлердің қолынан...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Мемлекет аты шулы "шумахер" Үсеновтің әкесі Қажымұраттың дымын қалдырмай тартып алды

Астанада қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Астана ЭКСПО-2017» компаниясында қаржы жымқыру ісі бойынша өз кінәларын мойындаған 12 сотталушыға қатысты үкім шығарды. Сотталушыла...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter