Шымкентте жас жігіт бөтелкелесімен сөзге келіп, пышақтап тастады
Шымкенттік полицейлер кісі өліміне қатысы бар деген күндікпен 23 жастағы тұрғынды құрықтады. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер депатаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.
2016 жылдың 5 маусым күні таңғы уақытта Шымкент ҚІІБ Қаратау ПБ «102» кезекші бөліміне Шымкент қаласы Қайнар-бұлақ саяжайы көшелерінің бірінде зорлық белгілері бар 25-30 жастағы азаматтың мәйіті табылғаны туралы хабар келіп түскен.
Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы жәбірленушінің жеке тұлғасын анықтады. Ол 1989 жылы дүниеге келген Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Белгілі болғандай жәбірленуші пышақтан жарақаттанып, қаза болған.
Аталған жайт бойыншаҚР ҚК 99-бабымен «Кісі өлтіру» қылмыстық іс қозғалды.
Қаратау ПБ қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру шарасы барысында, кісі өліміне қатысты 1993 жылғы азамат құрықталды. Ер азаматтар бірге спиртті ішімдік ішіп отырып, араларында ұрыс туып, нәтижесінде аталған оқиға орын алған.
Полицейлер айғақты зат ретінде асхана пышағын тәркіледі.
Қазіргі таңда күдікті қамауда. Сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
- Шымкент полицейлері
- ЮКО
- ОҚО
- Полиция
- адам өлтіру
- кісі өлімі
- Корреспондент
- қызық ақпарат