Экс-дипломат: "Халық енді Құдайдан басқа ешкімге үміт арта алмайды"
Бұрынғы дипломат Қазбек Бейсебаев Ақтөбеде болған оқиғаны «биліктің мәселенің сыртқы көрінісіне мән беріп, себебімен күреспеуінің салдары» деп санайды. Бұл туралы Азаттық хабарлады.
Экс-дипломат Facebook желісінде «Елімізде проблемалалар қордаланып қалды: экономикалық, әлеуметтік, жұмыссыздық, жемқорлық, нақты идеологияның болмауы, т. б. Рухани мәселелерге, жастар тәрбиесі мен біліміне мән берілмеді. Елде бәрі жақсы және тек [президенттің] арқасында деп келді. Кез келген балама пікір мемлекетке қарсы болып есептелді. Жер кодексіндегі өзгерістерге қарсы болғандар елдегі тұрақтылықты шайқалтушы «Америка агенттеріне» теңестірілді. Ал енді шабуылдаушылар шықты, тұрақты елде олар қайдан пайда болды?» деп жазды. Қазбек Бейсебаевтың пікірінше,«халық енді Құдайдан басқа ешкімге үміт арта алмайды».
- Ақтөбе лаңкестік
- Ақтөбедегі атыс
- терроризм
- Корреспондент
- қызық ақпарат