Ақтөбедегі ҰБТ барысын министр Сағадиевтің өзі барып бақылайды
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Ақтөбедегі ҰБТ барысын министр Сағадиевтің өзі барып бақылайды

Еліміздің бас педагогы  Ерлан Сағадиев 7 маусым күн өтетін ҰБТ өткізу кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін өзі жеке бақылау үшін бүгін Ақтөбеге ұшады. Сәйкес тапсырманы ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов берді. Бұл туралы Үкімет басшысының "туиттердегі" ресми парақшасында ақпарат таратылды.
 
«Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кеше кешке екі пунктте ҰБТ-ді өткізудің мерзімін бір күнге 6-нан 7-ші маусымға ауыстыру туралы шешім қабылданды. Барлық оқушыларға, ата-аналарға және ұстаздарға бұл хабар жеткізілді. Барлық пункттерде ҰБТ тапсыру штаттық режімде өтіп жатыр. Егер сәйкес тапсырма берілсе, мен өзім барып, Ақтөбе қаласындағы ҰБТ-дің өтуін бақылаймын», - деді Е.Сағадиев дүйсенбіде өткен ҚР Үкіметі отырысында. 

«Бүгін отырыстан кейін ұшып барып, облыс әкімімен бірге осы мәселені қадағалаңыз», - деген тапсырма берді Премьер-Министр Кәрім Мәсімов.
© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Алматыда 11 жастағы ер бала өгей әкесі зорлап, қорқытқанын айтты

Өгей әке ұлын зорлады деп айыпталуда. Алматы тұрғыны азаматтық некедегі күйеуін осындай ауыр қылмыс жасады деп айыптады. Айтуынша, 11 жасар  ұлын бірге тұратын ер кісі зорлаған. Өгей әкесі оны жұмысқа...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да 25 жылда 1046 нысан салынған

Тәуелсіздік алған жылдар ішінде Оңтүстік Қазақстан облысында 1046 нысан пайдалануға берілді. Бұл туралы ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық құрылыс басқармасының басшысы С...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter