Бір бұйрықтан 53 қате жіберген министрдің масқарасы шықты
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

Бір бұйрықтан 53 қате жіберген министрдің масқарасы шықты

Фото: www.inform.kz

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының 4 беттік бір бұйрығынан 53 қате шықты. 2015 жылдың 18 мамырында бекітілген осынау құжат - Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің бұрынғы ережесіне өзгеріс енгізу туралы бұйрық. Бұл туралы SKIFNEWS.KZ жазды. 

Құжаттағы орфографиялық қателерден аяқ алып жүре алмайсың. Әрбір сөйлемде деп айтсақ, тым асыра сілтеп жіберерміз, дегенмен, әрбір бетте 10-15 қатеден кездестіруге болады.

Бұйрықтың мәтінін министрдің өзі отырып жазбағаны белгілі. Құжатты қазақ тіліне шорқақтау біреудің шатпайлағаны анық көрініп тұр. Өйткені, қателердің дені "г" мен ""ғ, "о" мен "ө", "к" мен "қ" әріптерін ажырата алмаудан құралған. Дегенмен, Арыстанбек Мұхамедиұлы алдына келген бұйрыққа қол қоймастан бұрын оны оқуы керек қой?! Әлде, министрдің де білім деңгейі осы ма?

Қазақ тілін дамыту үшін құрылған осынау комитетте қазақшаны қатесіз жазатын мамандардың болмауы таң қалдырады. Елдің идеологиясымен және ұрпақтың тәрбиесімен айналысуы тиіс Мәдениет министрлігіндегілер жұмысына осылай салғырт қараса, өзгелерден не күтуге болады?

Жалпы, құрылғанына 20 жылдан асып кеткен Тілдерді дамыту комитеті біздің мемлекетке қажет пе деген сауал бұған дейін бірнеше рет көтерілген. Көтерілетіндейі бар, өйткені, комитеттің қандай тілдерді дамытып келе жатқаны халыққа әлі белгісіз. Белгілісі, 20 жыл бойы мемлекеттік тіл - қазақ тілін дұрыстап дамыта алмай келеді. Айта берсек, бұл сөзімізге дәлел көп. Мемлекеттік органдардағы құжат айналдымдарын, Парламент шығарып жатқан заңдарды айтпай-ақ, көшедегі жарнамалар (басым көпшілігі өзге тілде, қазақ тілінде жазылғандарында қате көп), отандық телеарналардағы өнімдердің өзінен-ақ қазақ тілінің қандай деңгейде екенін аңғаруға болады.

 

 

 

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.

Пікірлер  

Рахымжан
+6 Рахымжан 07.04.2016 11:46
Жаным ашиды десем озіме тиеді. Неге биз осындай сорлы халықпыз. Ақыл басқарар ағалар қайда? Біреуініңде жаны ашымайды.
Жауап беру
Дәуірбек
-7 Дәуірбек 07.04.2016 12:57
РАҚЫМЖАН БАУЫРЫМ!Министр не пишет приказы,даже доклады он сам не готовит.Арыстанбек Мухамедиулы очень порядочный и грамотный представитель казахской интеллигенции в современном составе правительства РК.А секретарей и корректоров ему надо поменять.Опять наверное,какой-то шалақазақ ағашка в Акорде устроил свою шалақазақ сестренку на работу секретарем-машинисткой...
Жауап беру
Рустем
0 Рустем 09.04.2016 08:22
Министр өзі жазбасада, көзін бір жүгітіп өту керек қой. Не үшін қол қойып жатқанын білуге тиіс. Сосын ол министр ге дейін бірнеше адамның қолына өтеді. Бұл үшін барлық жауапты адамдарды министрі мен қосып жұмыстан қуа Келесіде бұндай жағдай қайталанбайды еді.
Жауап беру
Жумакуль
0 Жумакуль 09.04.2016 10:52
Даурбек, совершенно с Вами согласна, коррупция в каждом министерстве, пока процветает махровый агашизм, умный будут на побегушках,а тупицы ими управлять. ну народ будет нищенствовать. Приходилось бывать в министерствах разных и уходить в шоковом состоянии.
Жауап беру
Мурат
0 Мурат 11.04.2016 05:24
Правильное замечание. Наверное, как в анекдоте, сидят в этом министерстве жорики и лорики.
Жауап беру
Жомарт
0 Жомарт 11.04.2016 10:03
При чем тут Жорик. Виноват Астанинский менталитет.
Жауап беру
Жазира
0 Жазира 25.04.2016 15:07
Министрге дейін неше қолдан өттіғой осы бұйрық, Енди министр қате түзеп отырадыма екен? Министрдің бергі шетіндегілер сауатсызда орысша былдырлайтын. Юстиция не бетімен тіркеп отыр оны.
Жауап беру
Роман
+7 Роман 07.04.2016 14:03
біздің министріміз француз ғой
Жауап беру
Қазақ
+6 Қазақ 07.04.2016 14:19
1 сыптан бастап қайта әліппе жаттатып сабақ оқыту керек керек.
Жауап беру
Ақарыс
+1 Ақарыс 08.04.2016 15:00
Өзіңде бір қайталап алсай әліппені)
Жауап беру
Төлен Рамазанұлы
+2 Төлен Рамазанұлы 08.04.2016 06:07
Масқараа-а, министр Арыстанбек Мұхамедиұлы алдына келген құжатты оқып шықпай, қол қоя сала ма? (!)
Жауап беру
Гость
+3 Гость 08.04.2016 12:40
Прежде чем подписывать любой документ, его надо изучить, а дальше решать подписывать или нет. Тут нельзя винить кого то другого. Он главный человек и он должен ответит за весь коллектив.
Жауап беру
Галия
+2 Галия 08.04.2016 15:46
Масқара, барлық министрлік осылай ғой
Жауап беру
бейсен
+1 бейсен 08.04.2016 23:05
Бос әңгіме, қазір техникалық қате дегенге бес жасар бала да сенбейді. Министрліктің техникалары дұрыс істемесе басқаларға не сор?
Жауап беру
Айнаш.К.К
0 Айнаш.К.К 09.04.2016 12:26
Шымкентте соттың хатшысы 70 қате жіберді дегенді телевизордан естіп, адамдар өз жұмысына соншалықты салғырт болып кеткен бе? -деп ой түйіп едік. Енді Астанада тура осы жағдай қайталанғаны ойға сыймай отыр. Сонда "бәрібір" болып кеткені ме? Осыдан соң қандай ой туындауы мүмкін????
Жауап беру
Мұрат
0 Мұрат 09.04.2016 14:24
Біздің мәдениет Министрі - мәдениетті, сауатты адам. Бұл сіздер үшін қате.... . Министр үшін иәдениетті құжат. Мәдениетті адам біреудің қағазын оқымайды!
Жауап беру
Мұрат
0 Мұрат 09.04.2016 14:26
Мәдениетті адам, басқаның xатын оқымайды!
Жауап беру
Жанашыр
0 Жанашыр 17.04.2016 21:22
Арыстанбек Мұхамедиұлы сауатсыз дегенге сенбеймін. Бұл министрліктегі асфальтта өскен шырақтарымның бүлдіргені. Бірақ сонда да министр бір көз жүгіртіп шығу керек еді. Енді отырған болар "сенген қойым сен болсаң" деп...
Жауап беру
Наверх

Басқа бас мақалалар

Алматыда 11 жастағы ер бала өгей әкесі зорлап, қорқытқанын айтты

Өгей әке ұлын зорлады деп айыпталуда. Алматы тұрғыны азаматтық некедегі күйеуін осындай ауыр қылмыс жасады деп айыптады. Айтуынша, 11 жасар  ұлын бірге тұратын ер кісі зорлаған. Өгей әкесі оны жұмысқа...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да 25 жылда 1046 нысан салынған

Тәуелсіздік алған жылдар ішінде Оңтүстік Қазақстан облысында 1046 нысан пайдалануға берілді. Бұл туралы ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық құрылыс басқармасының басшысы С...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter