«Қисайып» қалған тұрғын үйден 200 адам көшірілді
- Жанат ҚАПАЛБАЕВА
1 маусым күні Алматы қаласы, Алғабас шағын ауданында 9 қабатты тұрғын үй аяқ астынан қисайып қалған болатын. 2 маусым күні бұл үйден 200 адам эвакуацияланды, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов.
«Оқиға «Алғабас» шағын ауданында тоғыз қабатты үйде орын алды. Топырақтың шөгіп, үйдің қисайғаны байқалады. 200 адам көшіріліп, қонақүйге, туыстарына орналастырылды. Үйде газбен жабдықтау тоқтатылды. Полицей қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етті. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Бүгін құрылыс мәселесі бойынша мамандардан арнайы комиссия құрылды, олар оқиға бойынша шешім қабылдайды», - деді Иманқұлов.
- Алғабас шағын ауданы
- Алматы облысы
- 9 қабатты тұрғын үй