Шымкентте 21 баланы сатып жібергендердің екеуі бес жылға сотталды
Оңтүстік Қазақстанда прокурорлар алғаш рет бала сатқан дәрігерлердің ісі туралы айтып берді. Сұмдық жәйтті бір жылдан бері тергеп-тексерген олар нәресте сатумен айналысқан 6 әйелді анықтаған. Қазір олардың екеуі 5 жылдан арқаласа, тағы төртеуінің соты жүріп жатыр, деп хабарлады КТК арнасы.
Жаңа туған шақалақтар 2010-2013 жылдар аралығында Шымкенттегі №1 перинаталдық орталықтан саудаланып отырған. Зейнеткер әйел мен тағы бір жұмыссыз тұрғын алдын-ала нәрестесінен бас тартқысы келіп жүрген келіншектермен сөйлесіп, бөлім меңгерушісі мен акушер-гинекологқа мәлімет береді. Дәрігерлер жас аналарды перзентханаға жалған құжатттармен қабылдап босандырған. Ары қарай АХАЖ бөліміндегі сыбайластары арқылы нәрестені асырап алушыларға рәсімдеп отырған. Қазір 6 әйелдің 21 баланы сатып жібергені дәлелденді. Бала асырап алушылар Оңтүстіктің бірнеше ауданынан бөлек көршілес Жамбыл, Қызылорда, тіпті Астана мен Алматыдан да табылып отыр.
- 2010 жылдан бастап 2013 жылға дейін жүргізілген ғой осы асырап алу мәселелері. Ол балдардың 80-90 пайызы ауру шынын айту керек. Өте ауыр хәлде босанған. Босанудың алдында да қыздар жөнді қаралмаған. Сол себепті балалар ауру,-деді ОҚО арнайы прокурорлар басқармасының аға прокуроры Нұрлан Көлбаев.
- шымкент
- ОҚО
- ЮКО
- бала саудасы
- нәресте саудалау
- Корреспондент
- қызық ақпарат