ҰҚК: "Қамауда жатқан Төлешов митингке шыққандарды қаржыландырып, билікті басып алмақ болған"
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

ҰҚК: "Қамауда жатқан Төлешов митингке шыққандарды қаржыландырып, билікті басып алмақ болған"

Фото: informburo.kz

Бас прокуратурада Тоқтар Төлешовтің ісінің мән-жайы айтылған баспасөз мәслихаты өтті. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

 

ҰҚК баспасөз қызметінің өкілі Руслан Қарасаев былай деп мәлімдеді: 

"Тергеудің мәліметтері бойынша, Төлешов мырза бұған дейін дайындық жұмыстарын жүргізген, ал өткен жылдан бері билікті зорлықпен басып алуға дайындық жұмыстарымен айналысқан. Оның әрекеттерінің жоспары елдегі жағдайды шиеленіс ошақтарын құру, наразылық акцияларын және жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру жолдарымен тұрақсыз етуге негізделген. Бұл жағдайлармен қатар ол үкіметтің өз ойындағы баламасын жоспарлаған және қазіргі үкіметтің құрылымын өзгерткісі келген. Атырауда, Астанада, Алматыда, Оралда, Қызылордада болған жер реформасы бойынша наразылық акцияларды Төлешовтің 2015 жылдың желтоқсанында-ақ жасырын жүргізгені және қаржыландырғаны туралы дәлелдерді алдық", - деді Қарасев Бас прокуратурадағы брифингте. 
Ал 
ҚР Бас прокуратурасының департамент басшысы Құсайын Игембаев баспасөз мәслихатында Төлешовке есірткі заттарын заңсыз сақтау, бірқатар ауыр әрі аса ауыр қылмыс жасады деген айып тағылып отырғанын хабарлады. Олардың ішінде "кісі өлтіруді ұйымдастыру, адам ұрлау, түрлі деңгейде денсаулыққа зиян келтіру, бөтеннің мүлкін көрінеу бүлдіру, қарақшылық" қылмыстары бар.

Айта кетейік, шымкенттік белгілі кәсіпкер Тоқтар Төлешов ағымдағы жылдың 30 қаңтарында арнайы операция кезінде Шымкентте ұсталған болатын. Тінту кезінде үйінен және жұмыс орнынан қару-жарақ, есірткі заты және оқу құралдары анықталып, тәркіленген еді. Кәсіпкермен бірге үш адам ұсталды.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.

Пікірлер  

Berik
+1 Berik 06.06.2016 18:46
Бред сивой кобылы..
Жауап беру
Бровь
0 Бровь 07.06.2016 12:21
Berik. Почему так мыслишь? Это факт!
Жауап беру
Ажар
0 Ажар 07.06.2016 22:51
Өтірік.
Жауап беру
Наверх

Басқа бас мақалалар

Ақтөбеде терактіге дейін қаруланғандар туралы естіген учаскелік полицейлер қол қусырып отыра берген

Ақтөбеде лаңкестік оқиға басталмай тұрып тұрғындар онға жуық адамның қарумен жүгіріп келе жатқанын көріп, полиция қызметіне хабарласқан. Байланысу мүмкін болмаған соң учаскелік полицейге хабар береді...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Павлодар полицейлері көшеде интимдік қатынас жасап, еш қымсынбаған жұпты ұстады (видео 18+)

Павлодар полицейлері тура көшенің бойында бір-бірімен аймаласып, интимдік қатынаста тұрған жұптың кімдер екенін анықталды. Олар 25 және 18 жастағы жергілікті тұрғындар болып шықты. ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Мемлекет аты шулы "шумахер" Үсеновтің әкесі Қажымұраттың дымын қалдырмай тартып алды

Астанада қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Астана ЭКСПО-2017» компаниясында қаржы жымқыру ісі бойынша өз кінәларын мойындаған 12 сотталушыға қатысты үкім шығарды. Сотталушыла...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Құл-Мұхаммед: "Ақтөбеде күйеуінен айрылып, аңырап жылаған әйелді көргенде кірерге жер таппадық"

Ақтөбе облысында ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед, облыс басшысы Бердібек Сапарбаев жастар ұйымының мүшелері, имам...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter