ОҚО-да 4 түлек ҰБТ-дан 125 балл жинады
Оңтүстік Қазақстан облысында төрт күннің қорытындысы бойынша Ұлттық бірыңғай тест тапсыруға өтініш берген 19 798 бітірушінің 13589-ы тест тапсыруға кірген. Облыс түлектерініңң сынақта жинаған орташа көрсеткіші - 77,96 балды құрады.
Осы күндері тестке кірген 344 оқушы «Алтын белгіні» ақтап, 100-ден жоғары балл жинады. Сонымен қатар, 125 балды төрт оқушы, 124 балды 9 оқушы, 123 балды 13 оқушы, 122 балды 22 оқушы, 121 балды 33 оқушы алса, 120 балды 68 түлек жинады.
Атап айтқанда, ең жоғары балды Шымкент қаласындағы Х.Дулати атындағы №8 облыстық мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-гимназиясының түлегі «Алтын белгіге» үміткер А.Кеңесбеков, Шымкент қаласындағы №120 жалпы о/м түлегі Е.Балтабай, Ордабасы ауданының А.Шерімқұлов атындағы жалпы о/м түлегі «Алтын белгіге» үміткер А.Абубәкір және осы ауданның М.Әуезов атындағы жалпы о/м түлегі А.Тортай алды.
- ЕНТ
- ҰБТ
- ұлттық бірыңғай сынақ
- тест
- мектеп түлектер
- балл
- Корреспондент
- қызық ақпарат