ОҚО-ның "мерейлі" жанұясы анықталды
Шымкентте «Мерейлі отбасы-2016» байқауының үшінші кезеңі өтті.
Елбасының бастамасымен ұйымдастырылып, үшінші жыл қатарынан өткізіліп отырған шараға аудан, қаладан еңбекте, спортта, шығармашылықта, ғылымда жетістікке жеткен 30 отбасы іріктелініп алынды.
Отбасы мәртебесін көтеруге бағытталған ұлттық байқаудың қорытындысы бойынша 3 отбасы жүлделі орынды иемденді. Ал «Мерейлі отбасы» мәртебесіне кентаулық Ошақбаевтар әулеті лайық деп танылды.
Салтанатты шараға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков жеңімпаз отбасыларды марапаттап, сыйлықтар табыс етті.
«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының барлық қатысушысы бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жеңімпаз І орын иегеріне отбасылық шипажайға тегін жолдама берілді. Ал екінші орында сарыағаштық Кульгиновтар отбасысы алса, жүлделі үшінші орынды түлкібастық Ешенқұловалар иемденді.
Енді Астана қаласында қыркүйек айында өтетін республикалық «Мерейлі отбасы» байқауына оңтүстік өңірінің намысын кентаулық Ошақбаевтар отбасы қорғайтын болады.
Айта кетейік, Ошақбаев Қаратай – қазақ әдебиетіне, тұрмыс-салт жырларына өлеңдер мен термелер, бата, нақыл, өсиет сөздер қосқан фольклортанушы. Кентау қалалық Ақсақалдар алқасының беделді мүшесі. Сонымен қатар, «Батасы - бұлақ ардагерлер» сайысының жүлдегері. «Кешігіп келген көктем» атты жыр кітабының авторы. Зейнеткер, жеке кәсіпкер Қаратай Ошақбайұлы Кентау қаласының «Құрметті азаматы». Бүгінде ол 7 ұлдан 25 немере мен 21 шөбере сүйіп отыр.
В ЮКО определили победителя национального конкурса «Мерейлі отбасы»
- мерейлі отбасы
- мерейли отбасы
- ОҚО
- ЮКО
- шымкент
- Корреспондент
- қызық ақпарат