Қазақстанда 15 пен 18 жастағы қыздар он мың түсік жасатқан
Елімізде соңғы 5 жылда жасөспірімдер арасында 33 мыңнан астам жүктілік фактісі тіркелген. Ең сорақысы, 15 пен 18 жас аралығындағы қыздар 10 мыңдай жасанды түсік жасатқан деп хабарлайды 24 арна.
Бұл Батыс Еуропа елдеріндегі көрсеткішпен салыстырғанда 2 есеге көп. Мәжілістің жалпы отырысында депутат Бақтияр Мәкен осындай мәселе көтеріп, үкімет басшысының атына депутаттық сауал жолдады.
Халық қалаулысының пікірінше, қоғамда орын алған осындай олқылықтарды тыюға бағытталған бірде-бір тиімді бағдарлама жоқ. Сондықтан үкімет пен жергілікті атқарушы органдар бірлесіп,қатаң шаралар қабылдауы тиіс.
"Кейбір облыстарда аналар үйі деген сияқты кризистік орталықтар құрылған. Бірақ бұл кризистік орталықтардың құқықтық базасы әлі бекітілген жоқ. Соған байланысты біз арнайы сауалды жолдап отырмыз. Үкімет басшысының атына жолдап отырмыз. Себебі бұл – өзекті мәселе. Бір ғана мемлекеттік органның құзырында ғана емес. Барлық министрліктердің құзырында", - деді депутат Бақтияр Мәкен.
- түсік жасату
- жүкті боп қалу
- мектеп оқушылары жүкті боп қалған
- коррепсондент
- қызық ақпарат