Ұлықбек Есдәулет: "Бекболаттың жанында балағынан сақалы ұзын адамдар жүр" (видео)
«Алматы» арнасындағы «Өткір тіл» бағдарламасына қатысқан ақын Ұлықбек Есдәулет журналист Нартай Аралбайұлының өнер мен өлең, ел өмірі мен қоғам тынысына қатысты ауалдарына жауап берді, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Әңгімеге арқау болған тақырыптардың ішінде қоғамдағы жер дауы, ұлттық болмыс пен діни ахуал да бар.
«Соңғы жағдайлар «Елім» деген біраз адамның бет пердесін ашты. Әлеуметтік желідегілер қазір Бекболатшылар мен ұлтшылдар болып екіге бөлінген. Сіз соның қайсы жағындасыз деген сұраққа ақын:
«Мен әсіре діншілдікті онша жақтырмаймын. Оның турасын айту керек. Этика деген сияқты қоғамның бір ала жібі болады. Олар сол ала жіптен аттап кеткен секілді көрінеді. (...) Ол жақта оқу өтіп кеткендер де, оқу жетпеген дүмшелер де бар. (...) Мұсылмандардың ішіне іріткі салушыларға ақша төлейді дегенді де естиміз. Мен Бекболатты сынаған тараптамын. Мен Бекболаттың жанында балағынан сақалы ұзын адамдардың жүргенін қаламаймын. Маған қазіргі діншіл Бекболаттан әнші Бекболат, өнерлі Бекболат жақын, халыққа да солай. Мен сол Бекболатты сағынам. Қазір жұртқа уағыз айтып жүрген Бекболат сондай бір діни мектепте оқи қойды деп те айта алмаймын», - деп жауап берді.
Медиа
- Бекболат Тілеухан
- Бекболат Тилеухан
- Ұлықбек Есдәулет
- Улыкбек Есдаулет
- депутат
- сақалдылар
- Корреспондент
- қызық ақпарат