Дариға Назарбаеваны алдаудың "көкшетауский варианты"
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Сейсенбi, 12 сәуiр 2016

 Кіру / Тіркелу

Дариға Назарбаеваны алдаудың "көкшетауский варианты"

Үкімет басшысының орынбасары Дариға Назарбаева күні кеше Көкшетауға іссапармен барып, біраз нысандарды аралап көрген еді. Мемлекет басшысының қызы №2 мектепке барып, оқу процесімен танысқан. «Қуырдақтың көкесін, түйе сойғанда көресің» демекші, Көкшетау жауаптылары Назарбаеваның жақында ғана үштілділікке қатысты мәлімдемесін қолдап, бәлкім жағымпазданғысы келді ме, әйтеуір астаналық қонақ баратын мектепке №3 білім ұясының ағылшыншасы судай озат оқушыларын жинап, отырғызып қойыпты. Бұл туралы  Қуаныш Ерғалиұлы есімді әлеуметтік желі қолданушысы ашына жазды.

«Көкшетаудағы ұятсыздық немесе біз Дариғаны қалай алдадық?!» деген тақырыппен жариялаған постында автор былай деген:

«Гогольдің "Ревизорын" оқыған шығарсыздар. Сол сияқты жағдай кеше Көкшетауда болды. Атақты шығармада жұрттың күткені белгісіз ревизор болса, біздікілердің күткені - білдей бір Премьер министрдің орынбасары Дариға Назарбаева болатын. Соңғы кезде бұл кісінің əдрісіне елдің наразылығы үдеп тұрғаны белгілі жайт.
Қош, сонымен Дариға Назарбаева Көкшетауға келеді деген хабар тараған соң біздің Ақмола облысында алашапқын басталды дейсің бір. Елдің бəрі анау үш тілге қатысты реформа қабылданбаса екен деп уайымдап жүрсе, біздің басшылар соған атсалыспақ ниетте екен. Тіпті қатты тырысқаны соншалық Дариға ханымның өзін алдап жіберген ғой. Дариға нөмірі 2-ші мектепке бармақ болған екен, біздің сұңғыла басшылар екінші мектептің оқушыларының орнына нөмірі 3-ші мектептің оқушыларын отырғызып қойыпты. Отырғызып қойып "биология" пəнін ағылшынша өткізіпті. Əй, сабазың-ай! Не деген ақыл, не деген ми?! Осы жағдайға байланысты ата-аналар мен ұстаздардың, оқушылардың арасында реніш бар. Кім өзін, болмаса өзінің баласын біреуден кем көреді. Əрине, реніштері орынды».

Сонымен қатар әлеуметтік желіні қолданушы мұндай әрекет  жас ұрпақты өтірік айтуға тәрибелеу деп санайтынын жеткізген.

- Ал енді басты мəселе, біз кімді алдап жүрміз?! Жас ұрпақты өтірікпен ауыздандырып жүріп, қалай бетіміз бүлк етпей тəрбие туралы сөз айтамыз?! Сонда Дариға Назарбаеваны қарсы алуға облыстың ығай-сығайлары барған, кім екенін аттарын атап, түрлерін түстемей-ақ қояйын, солардың біреуі осы мəселе туралы жақ ашпағанына налимын. Ел боламыз дейміз, қайдан ел боламыз мына түрімізбен жас баланың көзін бақырайтып қойып көзінше "ойнас жасап" жатсақ. Ұят емес пе?! Күлеміз бе, жылаймыз ба?!», - деп ашынған автор. Сөзінің соңында  Қуаныш Ерғалиұлы бұл жазбасы үшін жергілікті биліктің маңдайынан сипаламайтынын білетінін, бірақ үнсіз қалуға азаматтық намысы жібермегенін де  ашып жазған.

«Үн қосыңыздар, ағайын! Ана тілі оларға керек болмаса бізге керек! Мен баламның мəңгүрт болғанын қаламаймын!», - деп ойын түйіндеді ол.

Бұл пост аз ғана уақыттың ішінде қызу талқыланып, көпшілігі мектептердегі үш тілде оқыту жүйесіне қарсылық танытқан. Естеріңізге сала кетейік, жақында ғана ел оқушыларының енді үш тілдегі мектеп бағдарламасымен білім алатыны мәлім болды. Алайда халық мұндай білім жүйесін мемлекеттік тілді жоюдың төте жолы деп санайтынын ашық білдіріп, наразылық танытуда.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.

Пікірлер  

Каршыга
+2 Каршыга 09.04.2016 15:05
Акмактар жиналган екенсиндер бир бирлеринди алдап
Жауап беру
гость
+2 гость 09.04.2016 18:52
Әй оңбағандар ай!
Жауап беру
Наверх

Басқа бас мақалалар

"Ринат Зайытов Назарбаевтың адамы екен" (видео)

Қазақстандық әнші Төреғали Төреәлі Ринат Зайытов туралы пікірін білдіріп, тіпті оның сөзінен ұстазым деген Ринаттың көлеңкесінде қалып қойғаны туралы өкінішін білуге болады. Ғаламторда әншінің кезекті...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Шымкенттің «шіріген» байлары кімдер?

«Ақшаң болса қалтаңда, талтаңда да талтаңда». Бұл мәтелдің пайда болғанына көп жылдар өтсе де, әлі күнге дейін ақшасы бардың әмірі жүріп тұрғаны рас. Көп адамның санасын рухани құндылықтардан гөрі, ма...

Жансая ТӘУЕКЕЛҚЫЗЫ Сіздің елдің азаматы кім?

Қызқұмар ақын

Белгілі ақын әрі жазушы танымалдылығын пайдалана ма, әлде басқа да себептері бар ма, әйтеуір жас қыздардың қыр-соңына түсуді әдетке айналдырып алыпты. Ұзынқұлақтың айтуынша, әлгі ақын Шымкент былай тұ...

Korrespondent.kz Монша ішіндегі әңгіме

Астаналық кәсіпкер депутаттардың үйлеріне деп тіккен перделерінің ақшасын қайтара алмай жүр

Астаналық жеке кәсіпкер Ақмарал Ардаубаева 2 жылдан бері депутаттардың қызметтік баспанасына деп тіккен перделерінің ақшасын қайтара алмай жүр. Ол анау-мынау емес 25 миллион теңгесін жоқтайды. Бизнесм...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter