Бекболат ТІЛЕУХАН, «Алла тағала бізге Назарбаевты берді» (видео)
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Сенбi, 2 сәуiр 2016

 Кіру / Тіркелу

Бекболат ТІЛЕУХАН, «Алла тағала бізге Назарбаевты берді» (видео)

Фото: nurotan.kz

Әнші, жыршы, қоғам қайраткері Бекболат Тілеухан елге  Назарбаевты Алла тағала сый етіп бергенін мәлім етті. Ол бұл ойын жастармен өткен кезекті кездесуінде жайып салды.

 

- Алла тағала бізге Назарбаевты берді,-деп бастады әңгімесін Тлеухан. - Білмеймін, шын айтамын бір кездері мен де Назарбаевты түсінген жоқпын. «Ей, алдық қой Тәуелсіздікті... Енді бәріміз қазақша сөйлемейміз бе? Қашанғы біреудің көңіліне қараймыз? Ұру керек қой» деп мен де айттым, жігіттер-қыздар! Сосын Украина мен Қырғызстан бұрқ ете қалған кезде мен «Нұраға, кешіріңізші, «оказывается сіз білген екенсіз. Мен білмеппін...» дедім. Әрине, ол жек көргендік емес.   Жастық, жалын, ақымақтық...

«Асығыстық - шайтанның ісі» деген бар. «Ақырын басып, анық бас» деп Абай айтқан...

Осы әсіресе жастар, сіздерге керек. Білуіңіз керек, айтуыңыз керек. Біз армиямыз керемет болып тұрған мемлекет емеспіз, біз империя емеспіз. Біз кеше ғана құлдықтан шыққан мемлекетпіз. Неғұрлым сіздер мықты, білімді  болсаңыздар, соғұрлым Қазақстан мықты болады» деген қоғам қайраткері жастар қауымын білімді болуға шақырды.  Ақпарат ретінде айта кетейік, жақында ғана  Бекболат Тілеухан  "Нұр Отан" партиясы атынан ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты атанды. Қоғам қайраткері бұған дейін төменгі палатаның үшінші және төртінші шақырылымындағы халық қалаулысы болып үлгерген. 

Медиа

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.

Пікірлер  

marat
-1 marat 30.03.2016 18:27
Кайрат бир айналып тагы келетин болса бет перденди тагы сыпырады гой
Жауап беру
Нурлан
+7 Нурлан 31.03.2016 17:12
Уятыныз жок Адам екенсиз Баке!
Жауап беру
Қанатбек
-1 Қанатбек 31.03.2016 21:25
Ұятсыз болмаса солай екі сөйлей ма ? Жұрттың бәрі "Бекболат"- деп ұрандап жүрген де,мен өзім бұрыннан жақтырмаймын.Сөйлеген сөзі,дауысының өзі мультфильмдегі құйрығын бұлаңдатып тұрған арам түлкілер сияқты.
Жауап беру
Казах
+2 Казах 01.04.2016 00:22
Сиз шолак ойлап устирт шешим шыгардыныз жане бул создеринизбен баска адамдарга халыкка зиян келтирген жоксыз ба?
Жауап беру
Казах
-1 Казах 01.04.2016 00:23
Сиз шолак ойлап устирт шешим шыгарган секилдисиз.
Жауап беру
Орда
+1 Орда 01.04.2016 09:18
Сіз маска киіп алған сызба???
Жауап беру
Бостандык
+2 Бостандык 01.04.2016 13:54
куйыршык неме, сенып журген азаматытыз сен болсан, куйсегеныды урайын !
Жауап беру
Нұрлан Тәшімтегі
0 Нұрлан Тәшімтегі 01.04.2016 15:11
Бекболат ағамыз мықты кісі Қазақилығы басым ... Біз олай айтылған сөздердің байыбына бармай, не келсе соны жазғанды қойайық!!!! Сабыр етейік, шүкір етейік, айналамыздағы елдерді қарайық не болып жатқанын, ((((алде басымызға түспей сабырмен шүкірліктің қадірін білмеймізбе)....
Жауап беру
Сайлау
-1 Сайлау 01.04.2016 17:22
Ақымақ елге арамза молла болып жүрген қу ғой бұл сабаз.
Жауап беру
Айдын
+1 Айдын 01.04.2016 17:51
"Біріңді қазақ бірің Дос,
Көрмесең ІСтің бәрі БОС!"
Әй, қазағым-ай, тырнақ астынан кір іздесеңдер, Бұқар жыраудан да б...тық табарсыңдар...
Осындай "ойларыңды" Голощекиннің жиеніне айтпайсыңдар ма?
Жауап беру
Бекназар
0 Бекназар 01.04.2016 21:19
Д ұрыс айтасың
Жауап беру
Бауыржан
0 Бауыржан 01.04.2016 17:57
Бекболат ағамыз дұрыс айтады. Маска деген не өзі. Бекболат ешқашан маска киген емес. Ағамыз ұлтжанды, бастысы иманды.
Жауап беру
Бекназар
0 Бекназар 01.04.2016 21:20
Дұрыс қолдаймын
Жауап беру
Наверх

Басқа бас мақалалар

Тұрмысқа шықпаған қыздар тележурналист Маржан Сұлтанбайдың сөзіне өре түрегелді

Қазақстанның бойдақ қыздары бұрынғы қазақтарды надан деп, басы дауға қалған тележурналист Маржан Сұлтанбайды бірнеше бала-шағасы бар қаламгердің төсегі суыған деген болжамы үшін тағы сынның астына алд...

Korrespondent.kz Қоғам

Шымкентте Қазақстанда теңдесі жоқ қолғап шығаратын цех іске қосылды

Қазіргі таңда Шымкентте Казақстандағы жылына 13,5 млн жұп мақта-мата қолғап шығаратын цех іске қосылды. Инвестициялық жоба оңтүстіккореялық инвесторлардың көмегімен жүзеге асқан. Өндіріс орны 0,8500 г...

Korrespondent.kz Экономика

Көптің ызасын тудырған "жартылай жалаңаш" мүсін өзгертілетін болды

Көптің ызасын тудырған Астанадағы «Ғашықтар мүсіні» өзгеретін болды. Қазақстан Парламент мәжілісіне қатысқан Мәдениет және спорт министрі осылай деді. Бұл туралы Қазақстан-zaman мәлімет таратты. ...

Korrespondent.kz Қоғам

ОҚО-да есек ұрлап, оны сойып сатумен айналысқан топ қолға түсті

Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері есек ұрлап, оны сойып пайда тапқан топты қолға түсірді, деп хабарлайды облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.  Бәйдібек аудандық және Түркістан ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter