1 қыркүйектен бастап елдегі мектептер бес күндік оқу аптасына көшеді
Жаңа оқу жылы, яғни, 1 қыркүйектен бастап, еліміздің жалпы білім беретін мектептерінің 1-сыныптары 5 күндік оқу аптасына көшеді. Бірінші сынып оқушылары 1-қыркүйектен бастап, 1 маусымға дейін оқитын болады, деп мәлім етті еліміздің Білім және ғылым министрлігі.
Келесі қадамға сәйкес, 2017 жылы екінші, бесінші, жетінші, тоғызыншы сынып оқушылары 5 күндік оқу аптасына көшеді. 2018 жылдан бастап, барлық басқа сынып оқушылары жаңа оқу барысына көшеді.
5 күндік білім беруге көшу білім беру бағдарламасының жаңартылуына байланысты. Жаңа білім беру бағдарламалары, алдында айтылғандай, Назарбаев Зияткерлік Мектебі бағдарламасына негізделеді. Білім беру бағдарламалары үздік әлемдік тәжірибеге сәйкес функционалдық сауаттылыққа негізделеді.
Министрлік қазіргі таңда барлық мектептердің 5 күндік оқуға көшуін тездету амалдарын қарастыруда. Алайда, бұл мәселені шешу үшін тездетілген кесте негізіндегі білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңарту бойынша толық есеп жүргізу керек. Сонымен қатар, үш ауысыммен оқитын мектептер мәселесін де жете қарастыру қажет.
Біз түсінеміз, білім беру процесінің сапасына да, көлеміне де зиян келмеу үшін, жазғы демалыс мерзімі шамамен 2 аптаға кейінге жылжытылады.
- ҚР Білім және ғылым министрлігі
- корреспонент
- қызық ақпарат
- мектеп
- білім