Астаналық кәсіпкер депутаттардың үйлеріне деп тіккен перделерінің ақшасын қайтара алмай жүр
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Сәрсенбi, 20 сәуiр 2016

 Кіру / Тіркелу

Астаналық кәсіпкер депутаттардың үйлеріне деп тіккен перделерінің ақшасын қайтара алмай жүр

Фото: exclusivedeco.ru

Астаналық жеке кәсіпкер Ақмарал Ардаубаева 2 жылдан бері депутаттардың қызметтік баспанасына деп тіккен перделерінің ақшасын қайтара алмай жүр. Ол анау-мынау емес 25 миллион теңгесін жоқтайды. Бизнесменнің айтуынша, тіккен шымылдықтары бүгінде тапсырыс берген Парламент шаруашылық басқармасының қоймасында жатыр екен, деп хабарлады 31 арна. 

 

"Ақшам да, пердем де айырылдым" деген келіншек арна тілшілерінен көмек сұрап келген. Астаналық кәсіпкер Ақмарал Ардаубаева 2014 жылы осы пәтерлердің пердесін тігуге арналған байқауда жеңіп, 25 миллион теңгенің тапсырысын алғанына бір қуанып қалғанын айтады.

Алайда кәсіпкердің айтуынша, парламент шаруашылық басқарамасының өкілдері "тапсырысты дұрыс орындамадыңдар" деп, ақшасын төлемеген. Нақтырақ айтқанда, перделер тігілген матаның қалыңдығы көңілден шықпапты. 2 жыл бойы соттарда жеке кәсіпкердің құқын қорғап келген Мақсат Ілиясұлы: «Байқау жарияланғандағы техникалық талаптарда белгіленген шаршы метріне 585 грамм қалыңдықтағы маталар жиһаз сыртын қаптауға ғана пайдаланылады», - дейді. Мұны бірқатар шетелдік сарапшылар да растаған. Құқық қорғаушы, мұның бәрін былай қойғанда, перделердің депутаттардың пәтеріне ілініп, кейін талапқа сай емес деуінің өзі заңға қайшы дейді.

- Заң бойынша, содан кейін келісімшартта да жазулы тұр. "Егер тапсырыс беруші тауарды өзіне қабылдап алса, өз қоймасына қойса, тауардың иесі тапсырыс беруші болып табылады. Ал жеке кәсіпкер Ардаубаеваның 130 комплект перделері 2 жыл болды шаруашылық басқармасының қоймасында жатыр,-деді құқық қорғаушы. 

Кәсіпкер шағымын айтып, жоғарғы сотқа дейін барған. Алайда, бәрі де Парламент шаруашылық басқармасын жақтапты. Шарасы таусылған Ақмарал басындағы мәселесі бас прокурор Асхат Дауылбаев пен жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәмидің құлағына жетсе дейді. Сол үшін арнайы хат та апарып тапсырды. Тағы бір атап өтерлігі, кәсіпкер "жауапсыз орындаушы" деген тізімге енген соң өзге конкурстарға қатыса алмай отырғанына налиды. Және де "Үкіметке зиян келтірді" деп оған  айыппұл салыныпты. 

Кәсіпкердің адал еңбегін бермей отыр делінген парламент шаруашылық басқармасы бұл мәселе бойынша әзірге еш мәлімет бермеді. Ресми сауалымызға заң бойынша жуық арада жауап береді деп сенеміз. Ал 25 миллион теңгесінен де, пердесінен де айрылған Ақмарал Ардаубаева, ең болмаса кәсіпкерлікті қолдау туралы қаншама заң қабылдаған депутаттар бұл іске араласса дейді.

 

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Кім кіммен бажа?

Бажа – қазақта туысқандықты білдіретін ұғым. Яғни, апалы-сіңлілі қыздарды алғандардың күйеулері бір-біріне бажа болып келеді. Олардың бір-біріне деген құрметі ерекше. «Екі аяқтыда бажа тату» деген осы...

Жансая ТӘУЕКЕЛҚЫЗЫ Қоғам

Тұяқбаевты Түркістанға жіберу керек еді

Соңғы кездері ОҚО әкімінің орынбасары С.Тұяқбаев жиі сырқаттанып қалып жүрген көрінеді. Себебі де жоқ емес. Екі оттың ортасында (бұрынғы мен қазіргі командада) жұмыс істеу төзімің темірдей болса да та...

Korrespondent.kz Монша ішіндегі әңгіме

Атың шықпаса, өзіңе «қара пиар» жаса

Бүгінде қарапайым халық атақты адамдар туралы ақпарға келгенде кім көрінген түгілі журналистерге, тіпті оқиға кейіпкерінің өзіне де сене салмайды. Өйткені бұл «папарации», «қара пиар» дегенді бірлесіп...

Мақпал ТӨРЕБЕК Мәдениет

Әкім тоқал алды

Ордабасы ауданына қарасты бір ауылдың 60-қа келген әкімі жақында тоқал алған ғой. Өзінен шамамен отыз жас кіші келіншекпен жұп жарастырған әкім мұнысы үшін қымсынбайтын көрінеді. ...

Korrespondent.kz Монша ішіндегі әңгіме

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter